Жүргізушілерге арналған медициналық анықтама (№073/е нысан) Медициналық тексеруден кім өтеді
- Қаралды: 21

Жүргізушілерге арналған медициналық анықтама (№073/е нысан) Медициналық тексеруден кім өтеді? Жүргізуші куәлігін алатын немесе айырбастайтын барлық азаматтар. Қандай мамандардан өту керек? жалпы тәжірибелік дәрігер (немесе учаскелік дәрігер, терапевт); психиатр-дәрігер; офтальмолог дәрігер; оториноларинголог дәрігер (ЛОР); дәрігер-Кәсіби патолог. Қажет болған жағдайда кәсіптік патолог дәрігер невропатологқа, кардиологқа (ЭКГ) консультацияға жібере алады және диспансерлік есеп немесе мүгедектік туралы мәліметтерді сұрай алады. Қандай анықтамалар қажет? психиатриялық көмек көрсететін ұйымнан анықтама; денеде психоактивті заттардың болмауы туралы қорытынды. Бұл құжаттар 1 жылға жарамды. Егер сіз 65 жастан асқан болсаңыз Қайта медициналық тексеруден 2 жылда 1 рет өту керек. Тексеру кімге жиі жасалады? Жолаушылар мен қауіпті жүктерді тасымалдайтын жүргізушілер: 50 жасқа дейін-3 жылда 1 рет; 50 жастан бастап — жыл сайын. Мүгедектігі бар жүргізушілер-2 жылда 1 рет. Мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған адамдар көлік құралын басқару құқығын қалпына келтірмес бұрын қайтадан медициналық тексеруден өтеді. Егер медициналық көрсетілімдер болса, дәрігер белгіленген мерзімнен бұрын қайта физикалық тексеруді тағайындай алады.
Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде ауа температурасы 30°C-тан асып тұр. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы одан әрі көтерілуі мүмкін.
☀️ Аптап ыстық кезінде ағзаға түсетін жүктеме артады. Соның салдарынан сусыздану, күн өту, жылу соққысы және созылмалы аурулардың асқыну қаупі жоғарылайды. Әсіресе балаларға, қарт адамдарға және денсаулығында кінәраты бар адамдарға аса мұқият болған жөн.








Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және охан қарсы іс-қимыл» №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағытта жүргізілді:
1) Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан осы талқылауға 03.07.2026 жылы сағат 15:00-де қатысуға шақырамыз. Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81, 603 қызметтик бөлме.
Жария талқылауға қатысқысы келетіндер телефоны +77172-64-55-29 бойынша хабарласуға болады.
Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 2026 жылдың 1 маусымынан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлайтынын хабарлайды.
Емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізіледі:
1) Емхана қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Емхана ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Емхана қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлама мен оларды жою бойынша ұсыныстарыңыз болған жағдайда комплаенс қызметі бойынша жауапты тұлға – Калханова Алмагүлге жүгінуіңізді сұраймыз: +7 (7172) 64-55-29 Астана қ. Жеңіс даңғ. 81, 621-кабинет.
Бүгін Емханамызда Әйелдер кеңесінің меңгерушісі - Балзура Карткужаковна Куанбаева өзінің мерейлі 60 жасын атап өтуде!
- Қаралды: 132
Куанбаева Балзура Карткужаковна 1983 жылы Алматы қаласындағы мемлекеттік медицина институтына «Емдеу ісі» мамандығы бойынша түсіп, оны 1989 жылы тамамдаған. Еңбек жолын Шымкент қаласының облыстық перзентханасында акушер-гинеколог дәрігері болып бастаған.
1990 - 2014 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы облыстық, № 2 және № 4 қалалық перзентханаларда акушер-гинеколог, сарапшы дәрігер лауазымдарды абыроймен қызмет атқарған.
2014 жылдан бастап Астана қаласында еңбек жолын жалғастыруда.
2014-2015 жж - № 2 Перинаталдық орталығында акушер гинеколог дәрігері болып жұмыс жасады.
2015-2017 жылдары Перинаталдық алдын алу орталығының акушер гинеколог дәрігері, 2017-2020 жылдары № 12 қалалық емханада акушер гинеколог дәрігері болып жұмыс жасаған.
2020 жылғы 2 желтоқсаннан бастап біздің емханамыздың Әйелдер кеңесінің меңгерушісі болып еңбек етуде.
Жұмыс барысында өзіне және әріптестеріне талап қоя білетін жоғары білікті маман ретінде танимыз. Барлық теориялық білім деңгейін және практикалық дағдыларды меңгерген, үнемі кәсіби шеберлігі мен білімін шыңдаумен айналысатын білікті маман. Өз біліктілігін үнемі арттырып отырады. Сонымен қатар халықаралық семинарлар мен тренингтерге, «Ана мен бала» Халықаралық ғылыми форумдарына, «Қазақстан халқының репродуктивті потенциалы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып отырады.
Құрметті, Балзура Карткужаковна! Сізді емхана ұжымы шын жүректен мерейтойыңызбен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс тілейді. Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болсын!


