Тіркеу орны мен колл-орталық — пациентпен алғашқы байланыс
Біздің емханада әр пациент алғашқы қоңыраудан бастап өздерін қолдауда сезінуі үшін жұмыс жасаймыз.
📌 Тіркеу орны:
— Дәрігерге жазылу
— Жолдамалар мен анықтамалар
— Құжаттарды қалпына келтіру
📞 Колл-орталық:
— Қоңыраулар мен кеңес беру
— Үйге дәрігер шақыру
— DAMUMED және Saqtandyry бойынша көмек
Түсінікті және уақытылы көмек көрсету үшін - біз әрқашан жаныңыздамыз.
Сенім білдіргеніңізге рақмет!
Бүгін емханада кезекті апталық жиналыс өтті.
- Қаралды: 54

1️⃣ Ұйқыбездің экзокриндік жетіспеушілігі және қант диабеті: диагностикасы мен емі
Лектор: Дымык Гүлмира Ерболқызы — гастроэнтеролог дәрігер, функционалдық диагностика маманы, медицина магистрі.
2️⃣ Соматикалық бұзылыстар түрінде көрінетін депрессия
Лектор: Жексембаева Лаура Жұмабекқызы — психиатр дәрігер.
3️⃣ Созылмалы жүрек жетіспеушілігі және асқазан жарасы
Лектор: Абенова Н.К. — №14 ҚЕ дәрігер-кардиологы.
Жиналыс кәсіби тәжірибе мен білім алмасу түрінде жоғары деңгейде өтті.
Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана » ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағытта жүргізілді:
1) Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан осы талқылауға 08.07.2025 жылы сағат 15:00-де қатысуға шақырамыз. Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81, 603 қызметтік бөлме.
Жария талқылауға қатысқысы келетіндер 87753221929 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Асығат Сағадатұлы еңбек жолын 1979 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Калинин атындағы совхоздың мәдениет үйінде суретші болып бастаған. 1980 жылдан 1982 жылға дейін Целиноград облысы М.Мәметова атындағы совхозда еңбек мұғалімі болып жұмыс істеді. 1984 жылы Кеңес Армиясы қатарында қызметін аяқтағаннан кейін Целиноград ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсті; Целиноград облысында зооинженер біліктілігін алып, Алматы облысында зоотехник, экономист лауазымында жұмыс жасаған. 2000 жылдан бастап Асығат Сағадатұлы құрылыс саласындағы жұмысын Алматы қаласындағы «Акцепт» корпорациясының күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, ЖШС прорабы, «БКМ» ЖШС учаскесінің бастығы, Астана қаласындағы «Байланысқұрылыс» директорының орынбасары қызметін жалғастырды. 2015 жылдан бастап – директор «Азамат» жеке кәсіпкерлік директоры. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің №14 қалалық емханасының шаруашылық қызметі бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді.
Асығат Сағадатұлы өмір жолыңда үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетіп, адамгершілік пен кісілік қасиеттерді серік етіп келеді. Ізгілігіңіз бен іскерлігіңіз – көпке үлгі, кейінгіге өнеге.
Құрметті Асығат Сағадатұлы! Осы қуанышты күні Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, өміріңізге шаттық пен бақыт тілейміз. Алда келе жатқан әрбір күніңіз жарқын істерге, жақсы сәттерге, шуақты таңдарға толы болсын!
Сізге деген әріптестеріңіздің шынайы құрметі – адал еңбегіңіздің, сабырлы мінезіңіздің, әділдігіңіз бен жауапкершілігіңіздің жемісі. Сіздің ісіңіз – сөзден артық сөйлейді.
Приглашаем на день открытых дверей онколога!
- Қаралды: 317
Приглашаем на день открытых дверей онколога!
📅 [11.06.2025]
📍 [Поликлиника №14, адрес: Победа 81]
Кабинет №407
Время 08:00-14:00
1. День открытых дверей у онколога: «Опухоли головы и шеи»
– Бесплатные консультации
– Осмотры и ранняя диагностика
– Рекомендации по профилактике
2. Неделя осведомлённости о раке предстательной железы
– Прием онколога
– Информация о профилактике и симптомах
– Рекомендации по профилактике
🎯 Цель — выявить подозрительные новообразования на ранних стадиях, когда лечение наиболее эффективно.
💬 Не упустите шанс проверить здоровье!


