Жоғары технологиялық стандарттарды, диагностика мен емдеу әдістерін қолдана отырып, тиімді профилактика жүргізу және медициналық көмек көрсету арқылы халық денсаулығының жоғары деңгейіне қол жеткізу.
Сапа мен менеджменттің ұлттық және халықаралық стандарттарына негізделген медициналық көмек көрсетудің пациентке бағдарланған жүйесі бар емхана.
– бұл Нұр-Сұлтан қаласының ДСБ 12.06.2020 ж. №106-1102 бұйрығына сәйкес тегін медициналық көмектің білікті кепілдендірілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды көрсетуге арналған заманауи, қарқынды дамып келе жатқан медициналық ұйым. Өз қызметін 2020 жылдың 26 қарашасынан бастады.
Емхананың 7 қабатты кірпіш ғимараты бар, жалпы ауданы – 9 660 ш. м., ғимарат 1991 жылдан бастап пайдалануға берілді.
Емхананың жоспарлы қуаты – 250, емхананың нақты қуаты – 256. Учаскелерді ірілендіру жүргізілді: ЖТД учаскелері – 11, терапиялық – 5, педиатриялық – 2, акушерлік-гинекологиялық – 2.
Емханада 2020 жылы – 12 ЖТД учаскесі құрылды, халықтың орташа саны 1 ЖТД учаскесінде – 1502, терапевтік учаскеде – 1973, педиатриялық учаскеде – 773 адам. 2 мектеп: №14 мектеп гимназиясы, №15 мектеп лицейі.
Бүгінгі күні жаңа жабдықталған стоматологиялық бөлімше ашу жоспарлануда. Қыркүйек айында Олимпус Медициналық фирмасының ФГДС (Фиброгастродуоденоскопия, колоноскопия) жүргізуге арналған жабдығы алынды, ультрадыбыстық аппараттың (УДЗ) 2 жабдығы, оның ішінде жүрек және қан тамырларының УДЗ зерттеу үшін алынды. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілуде.
Емханада денсаулық мектептері табысты жұмыс істейді: ұзақ өмір сүру клубы, босануға дайындық мектептері, артериялық гипертония және қант диабеті, бронх демікпесі және т. б. алдын алу мектептері.
№ 14 емхананың басшылығы емхананың жұмысын көптеген пациенттерге сапалы қызмет көрсете отырып, ұтқыр, үздіксіз ететін озық инновацияларды енгізуге ұмтылады.