Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81
emhana14@mail.ru
64-40-85, +7 778 021-88-6
Call-орталық
64-40-99
Сенім телефоны

Мерекеге орай қызметкерлерге еңбектері мен үлестері үшін марапат қағаздары мен медальдар табысталды.
Марапаттарды емхана басшысы салтанатты түрде тапсырды.

Барша әріптестерімізді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Елімізге амандық, бірлік пен өркендеу тілейміз! ?✨

Астана қаласы әкімдігі №14 қалалық емханасы шаруашылық қызметі бөлімінің қойма меңгерушісі Шолпан Жукешқызы Әбдірахманованы зейнеткерлік жасқа толуымен құттықтайды.

Шолпан Жукешқызы еңбек жолын 1982 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірісінің бухгалтері мамандығы бойынша Целиноград совхоз-техникумын бітіргеннен кейін бастаған. Оның еңбек қызметі қойма меңгерушісі, қоймашы, сапа менеджерімен құрылыс, ауылдық өндіріс және денсаулық сақтау саласындағы байланысты. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шолпан Жукешқызы Астана қаласы әкімдігінің №14 қалалық емханасының шаруашылық қызметі бөлімінің қойма меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Шолпан Жукешқызы өзін жауапты, атқарушы, коммуникабельді, сауатты маман ретінде көрсетті. Оған сеніп тапсырылған жұмыс орнында әрдайым тәртіп пен тұрақтылық қамтамасыз етіледі.

 

 

Құрметті Шолпан Жукешқызы!

Емхана басшылығы мен бүкіл ұжымының атынан зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты ең жылы және шынайы құттықтауларды қабыл алыңыз! Сізге зор денсаулық, жақындарыңыздың назары, рухани жылулық, амандық, барлық жоспарлар мен жаңа хоббилердің орындалуын тілейміз!

 

 

Ізгі тілекпен,

Астана қаласы әкімдігі

«№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК

директоры                                                                     Г. Кусаинов

 

? ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ БАСТАЛДЫ
Тұмау – ең көп таралған әрі қауіпті вирустық аурулардың бірі.
Әлемде жыл сайын 1 млрд-қа дейін жағдай тіркеледі, шамамен 650 мың адам асқынулардан көз жұмады.

☝️ Сенімді қорғаныс тәсілі – екпе.
? «Гриппол+» ресейлік екпемен жүргізіледі, ол тұмаудың үш өзекті штаммынан қорғайды.

? Екпені қайдан алуға болады:
«№14 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да тіркелуіңізге қарамастан ала аласыз.
Өз учаскелік дәрігеріңізге немесе 222-кабинетке жүгінуге болады.

✅ Барлық тұрғындарды екпе алып, денсаулығын қорғауға шақырамыз!
Өзіңізді және жақындарыңызды тұмаудан және оның асқынуларынан сақтаңыз!

logo.png
Астана қ. әкімдігінің "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК
Жеңіс д., 81
Тіркеу орны: 64‒40‒86, 64‒40‒85
E-mail: Emhana14@mail.ru Emhana14@mail.kz
© Copyright 2026. Design & Development by SITE-PRO.KZ