Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81
emhana14@mail.ru
64-40-85, +7 778 021-88-6
Call-орталық
64-40-99
Сенім телефоны

40 жылдан астам табанды еңбек өтілі бар білікті маман, оториноларинголог дәрігер Кайриден Камариденович Саметов зейнеткерлік демалысқа шыққалы отыр.

Кайриден Камариденович 1984 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын тәмамдап, 1985 жылы оториноларингология циклі бойынша интернатураны аяқтады.1985–1990 жылдар аралығында Целиноград облысы, Қорғалжын аудандық ауруханасында ЛОР-дәрігер болып қызмет етті.
1990–1992 жылдары Целиноград мемлекеттік медицина институтының хирургиялық аурулар кафедрасы №2 жанындағы клиникалық ординатурада оқыды.1992–1997 жылдар аралығында Целиноград стансасындағы Дәрігерлік теміржол ауруханасының ЛОР бөлімшесінде ординатор-дәрігер ретінде еңбек етті.1997–2020 жылдары «Орталық теміржол ауруханасы» ЖШС емханасында оториноларинголог дәрігер қызметін атқарды. Ал 2020 жылдан бері осы күнге дейін біздің емханада отоларинголог дәрігер болып еңбек етіп келеді.

Ұзақ жылдар бойы үздіксіз, адал еңбек етіп, науқастарға сапалы медициналық көмек көрсеткені үшін Қайриден Камариденович «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Құрметті Қайриден Камариденович! Ұзақ жылдар бойы медицина саласына, атап айтқанда, оториноларингология саласына сіңірген еңбегіңіз орасан зор. Сіздің кәсіби біліктілігіңіз, мейірімділігіңіз бен жауапкершілігіңіз көптеген адамдардың денсаулығын қалпына келтіруге зор үлес қосты.

Сізбен бірге жұмыс істеу біз үшін үлкен мәртебе болды. Әріптес ретінде де, адам ретінде де Сіздің орны ерекше.

Алдағы зейнеткерлік өміріңіз тыныш, денсаулығыңыз мықты, отбасыңыз аман болсын! Демалыс күндеріңіз қуанышқа толы, немере-шөберелеріңіздің қызығына кенеліп, жарқын сәттерге толы болсын!

Сізге тек жақсылық тілейміз. Еңбегіңіз үшін мың алғыс!

Ізгі тілекпен, Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ЖШҚ МКК ұжымы.

 

Гепатит — бауырдың қабынуы, ол ауыр асқынуларға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Гепатиттің 5 негізгі түрі бар: A, B, C, D және E. Олар:
? жұғу жолдары
? аурудың ауырлығы
? таралу аймақтары
? алдын алу әдістері бойынша ерекшеленеді.

? Әсіресе B және C гепатиттері өте қауіпті. Олар созылмалы түрге айналып, цирроз немесе бауыр обырына алып келуі мүмкін.

? Жедел гепатиттің белгілері:
-шаршағыштық
-тәбеттің жоғалуы
-дене қызуының көтерілуі
-сарыауру (сарғаю)

Көпшілік сауығып кетеді, бірақ кей адамдарда ауру созылмалы түрге айналуы мүмкін.

? Өзіңізді қалай қорғауға болады?
✅ Жеке гигиенаны сақтау
✅ Жеке заттарды (ұстара, тіс щеткасы, маникюр құралдары) басқа адаммен бөліспеу
✅ Татуировка және пирсинг тек стерильді құралдармен жасау
✅ Жыныстық қатынас кезінде сақтық шараларын сақтау
✅ Уақтылы тексерістен өту — ерте анықтау өмір сақтайды
✅ А және B гепатитіне қарсы вакцина салдыру

? Бауыр — өмірдің айнасы. Оны қорғау — өзіңізді қорғау!

Осы жазбамен бөлісіңіз — көбірек адам гепатиттен сақтану жолдарын білсін.

Емханада Денсаулық мектебі аясында кардиолог дәрігердің қатысуымен дәріс өтті.
Қатысушылар төмендегі маңызды мәліметтермен танысты:
- жүрек ауруларына алып келетін қауіп факторлары
- алғашқы белгілерін қалай тануға болады
- аурудың алдын алу мен бақылау жолдары
? Дәрігер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестер ұсынды.
Жүрек саулығы – өз қолыңызда!
Келіп, белсенділік танытқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз!
Алдағы кездесулеріміз туралы ақпаратты күтіңіз!

? Бүгін конференц-залда қызметкерлердің кезекті апталық жиналысы өтті.
Маңызды және өзекті тақырыптар қаралды:

1️⃣ «Жазғы шақыру: диареяны жылдам әрі дәл басқару» тақырыбындағы дәріс
?‍⚕️ Дәріскер: медицина ғылымдарының кандидаты, №4 ішкі аурулар кафедрасының доценті, жоғары санатты терапевт - Иманбаева Нұржамал Дулатқызы.

2️⃣ 116-бұйрық – медициналық оңалтудың 3-кезеңі
3️⃣ АЖ e saqtandyru жүйесінде сақтандырылмағандармен жұмыс
? Екі тақырып бойынша баяндамашы: Ильясова Э.Т. -
медициналық қызмет сапасы, пациенттерге қолдау көрсету және стратегиялық даму қызметінің жетекшісі.
4️⃣ Ұйымдастырушылық және басқа да маңызды мәселелер қаралды.

Белсенділік танытқан әріптестерге алғыс білдіреміз!

logo.png
Астана қ. әкімдігінің "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК
Жеңіс д., 81
Тіркеу орны: 64‒40‒86, 64‒40‒85
E-mail: Emhana14@mail.ru Emhana14@mail.kz
© Copyright 2026. Design & Development by SITE-PRO.KZ