19 мамыр — Дүниежүзілік отбасылық дәрігерлер күні
- Қаралды: 240
Бүгін №14-мектеп-гимназияда маңызды дәріс өтті!
- Қаралды: 253
Бүгін №14-мектеп-гимназияда маңызды дәріс өтті!
Репродуктивті денсаулық апталығы аясында оқушылармен «Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі – болашақ ұрпақтың денсаулығының кепілі» тақырыбында түсіндіру сабағы өткізілді.
? Шараны психолог пен әлеуметтік қызметкер жүргізді.
? Жасөспірімдерге жыныстық дамудың ерекшеліктері, жеке гигиена, өз-өзін бағалау және жауапкершілік туралы маңызды ақпарат берілді.
? Ашық сұхбат түрінде өткен кездесуде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
✅ Мақсат – жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 2025 жылдың 2 маусымынан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлайтынын хабарлайды.
Емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізіледі:
1) Емхана қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау ;
2) Емхана ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Емхана қызметінде сыбайлыс жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлама мен оларды жою бойынша ұсыныстарыңыз болған жағдайда комплаенс қызметі бойынша жауапты тұлға – Калханова Алмагүлге жүгінуіңізді сұраймыз: 8 775 322 19 29 Астана қ. Жеңіс даңғ. 81, 621-кабинет.
?⚕️ Бүгінгі апталық жиын ерекше өтті!
- Қаралды: 346
? Апта басында өткен кезекті жиналыста емханамыздың басшылығы ақ халатты абзал жандар — мейіргерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
? Мейірбикелер күніне орай үздік қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.
? Жанқиярлық еңбектері үшін әріптестерімізге алғыс білдіреміз!
Сіздердің мейірімдеріңіз, сабырларыңыз бен жан жылуларыңыз – денсаулық сақтаудың тірегі.
? Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы мейіргерлер!
Бүгін, 14 мамыр күні Репродуктивті денсаулық апталығы аясында тұрғындар жазылусыз дәрігер кеңесін алды.
- Қаралды: 210
Келушілер келесі мәселелер бойынша кеңес алды:
? әйелдер мен ерлердің репродуктивті денсаулығы
? жүктілікті жоспарлау
? контрацепция
? АПВ (адам папилломасы вирусы) және басқа да маңызды тақырыптар
? Қабылдаған дәрігерлер:
?⚕️ Акушер-гинеколог Камысбаева Пернеш Үмітханқызы
? 3-қабат, 304-кабинет
және
?⚕️ Уролог Картанович Олеся Иосифовна
? 4-қабат, 408-кабинет
? Келген барлық пациенттерге алғыс білдіреміз!
Өзіңіздің денсаулығыңызды күтіңіз — бұл маңызды қадам!


