🌸 Қыз баласының психологиялық дамуы: Өмірдің әр кезеңінде өзгерістер мен мүмкіндіктер! 🌸
- Қаралды: 355

💭 20-21.01.2025 жылы №14,15 мектеп гимназияларында біздің емхананың психологы 9, 10, 11 сынып оқушыларына «Қыз баланың психологиялық даму ерекшеліктері мен таным процестерінің дамуы» тақырыбында дәріс оқыды!
👩🏫 Дәріс барысында психолог қыз балалардың жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық даму ерекшеліктері, қабылдау және ойлау процестері, эмоциялық тұрақсыздық пен өзіндік танымның қалыптасуы туралы мағыналы әңгіме қозғады.
✨ Осы жас кезеңінде қыздарда өзін-өзі бағалау, әлеуметтік қарым-қатынастар және жеке тұлғалық даму маңызды рөл атқарады. Дәріс оқушылардың осы бағыттағы сұрақтарына жауап беріп, оларды өзін-өзі түсінуге, эмоцияларын басқаруға және дұрыс бағытта даму үшін мотивация берді.

Бүгін біздің емханамызда Директордың босандыру және балалар жөніндегі орынбасары Бөлеубаева М.Т. дәрігерлер мен медбикелерге қазіргі респираторлық инфекциялар мен тұмау тақырыбында маңызды дәріс өткізді. 🩺💉
🔬 Маман келесі мәселелерді талқылады:
Қазіргі кездегі жедел респираторлы вирусты аурулардың өту ерекшеліктері, клиникасы, диагностикасы, емдеу шаралары және дәрігердің тактикасы. Сонымен қатар вакцинацияның маңыздылығына, антибиотиктерді негізсіз қолданудың салдарына тоқтады.
❗️ Есіңізде болсын, профилактика – инфекциямен күресудің ең тиімді әдісі. Вакцинацияны ұмытпаңыз, гигиенаны сақтаңыз және денсаулығыңызды бақылауда ұстаңыз!
Өзіңізді және жақындарыңызды күтіңіз! 💙
Созылмалы бүйрек ауруы бар науқастардың ұзақ әрі сапалы өмір сүруі үшін» атты тақырыпта дәріс
- Қаралды: 273

Бүгін Нефролог дәрігер Наурызбек Рахатұлы Муслимов емхана қызметкерлеріне «Созылмалы бүйрек ауруы бар науқастардың ұзақ әрі сапалы өмір сүруі үшін» атты тақырыпта дәріс оқыды.
Дәрісте дәрігер созылмалы бүйрек ауруларының алдын алуда ерте диагностика мен бүйрек қызметін үнемі бақылаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, аурудың даму процесін баяулатудың негізгі әдістеріне, дұрыс тамақтану, қант және қан қысымын бақылау, сонымен қатар кешенді емдеу тәсілдеріне ерекше назар аударылды.
Дәрігер медикаментоздық терапияның маңыздылығын және науқастардың өмір сапасын арттыру үшін мамандар арасындағы ынтымақтастықты атап өтті. Сондай-ақ, психоэмоционалдық қолдау мен өмір салтының бүйрек денсаулығын сақтау үшін маңызды екені айтылды.
Бұл дәріс медициналық қызметкерлер үшін өте пайдалы ақпарат болды, ол созылмалы бүйрек аурулары туралы білім деңгейін арттырып, науқастармен тиімді жұмыс істеу үшін көмек көрсетуді көздейді.


