Босануға дайындық бойынша сабағын жүкті әйелдермен өтті
- Қаралды: 1281
2021 жылғы 16 тамызда"№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК-да психолог А.Д. Нигметова және акушер босануға дайындық бойынша сабағын жүкті әйелдермен өткізді.
Тақырыбы: Өмір тынысы. Релаксациялык, денеге арналған интенсив.
Акушермен бірге "Босану және жалған толғақ" туралы тақырыбын талқыладық. Гимнастика, лотос позасын, Кегель жаттығуларын жасадық.
Апта сайын әр дүйсенбі және бейсенбi күндері сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін емханада "Босануға дайындық бойынша мектепте"сабақтар өткізіледі. Жүктілігі бойынша есепке тұрған жүкті әйелдер сабаққа келе алады.
COVID-19-дан Sinopharm вакцинасы
- Қаралды: 1347
2021 жылғы 7 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы sinopharm Қытай вакцинасын төтенше жағдайларда қолдануға арналған препараттар тізіміне енгізді. Бұл ДДҰ мақұлдаған covid-19-ға қарсы алтыншы вакцина.
Sinopharm вакцинасын China National Biotec Group (CNBG) еншілес компаниясы болып табылатын Beijing Bio-Institute of Biological Products Co Ltd компаниясы өндіреді. Sinopharm өнімі белсенді емес (өлтірілген) коронавирус негізінде жасалған.
Sinopharm – бұл ампулада сенсорлық бақылауға ие болатын алғашқы вакцина-вакцина қызған кезде түсін өзгертетін және медицина қызметкерлеріне әр ампуланың қауіпсіздік дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін жапсырма.
Вакцина Қазақстан Республикасы Үкіметінің №850 қаулысымен бекітілген COVID-19-ға қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес уақытша мемлекеттік тіркеуден өтті.
Қытайдың Sinopharm вакцинасы Нұр-Сұлтанға жеткізілді
- Қаралды: 1193
Қытайдың Sinopharm компаниясының вакцинасы Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Вакцина қалалық емханаларына, сол сияқты оларға бекітілген сауда ойын-сауық орталықтары (СОО) мен сауда үйлеріне (СҮ) бөлінетін болады.
«ДДСҰ мақұлдаған екпелер вакцинация пункттеріне жеткізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Бірінші кезекте вакциналар медициналық ұйымдарға қарасты егу пункттеріне жеткізіледі. СОО, СҮ жанындағы әрбір пунктке БМСК ұйымдары бекітілген. Олар вакцинаны алғаннан кейін бір тәулік ішінде сауда орталықтарының егу пункттеріне жеткізеді», - деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы проблемалы жайттарды болдырмас үшін екі компонентті бір пунктен алу керектігін хабарлайды.