Босануға дайындық бойынша сабағы жүкті әйелдермен өтті
- Қаралды: 1006
2021 жылы 18 қазанда "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК-да психолог А.Д. Нигметова және акушер босануға дайындық бойынша сабағын жүкті әйелдермен өткізді.
Акушермен бірге "Босану және жалған толғақ" туралы тақырыбын талқыладық. Гимнастика, лотос позасын, Кегель жаттығуларын жасадық.
Психолог денеге бағытталған терапияны, дем алу жаттығуларын, психоэмоционалды денсаулық туралы сабағын өткіздi.
Апта сайын әр дүйсенбі және бейсенбi күндері сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін емханада "Босануға дайындық бойынша мектепте" сабақтар өткізіледі.
Жүктілігі бойынша есепке тұрған жүкті әйелдер сабаққа келе алады.
Дене белсенділігі дененің бұлшық еттеріне оң әсер етеді.
Соның арқасында өз-өзіңді формада қалай ұстауға болатынын, артық салмақ қоспауды және теріңнің созылып, босаңсуын болдырмауды үйренуге болады. Жаттығу психологиялық жағдайға да әсер етеді.
Тыныс алу жаттығулары ана мен баланың жалпы жағдайына өте пайдалы әсер етеді.
Біздің аналар жаңа, қызықты ақпаратты біліп, бойына сіңірді.
Қатысушылар демалып, жақсы көңіл-күйде кетті!