2021 жылғы 23 тамызда"№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК-да психолог А.Д. Нигметова босануға дайындық бойынша сабағын жүкті әйелдермен өткізді.
Психолог маманы денеге бағытталған терапияны, арт терапияны, психоэмоционалды денсаулықты түзету туралы сабағын өткіздi.
Психологиялық әдістердің маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие.
Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.
Босануға дайындық бойынша сабақ жүкті әйелдермен өтті
- Қаралды: 1463
2021 жылғы 19 тамызда"№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК-да психолог А.Д. Нигметова және акушер босануға дайындық бойынша сабағын жүкті әйелдермен өткізді.
Акушермен бірге "Босану және жалған толғақ" туралы тақырыбын талқыладық. Гимнастика, лотос позасын, Кегель жаттығуларын жасадық.
Психолог денеге бағытталған терапия, арт терапия, психоэмоционалды денсаулық туралы сабағын өткіздi.
Апта сайын әр дүйсенбі және бейсенбi күндері сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін емханада "Босануға дайындық бойынша мектепте"сабақтар өткізіледі.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
- Қаралды: 1453
14 қалалық емханамен «Ақниет» ҚҚ қолдауымен, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу шеңберінде «Nur Otan» партиясының «Сарыарқа» аудандық филиалы БПҰ көмегімен 1 қыркүйекке орайластырылған кеңсе тауарлары салынған мектеп рюкзактарын беру жүргізілді.
Мәслихатының VII шақырылымының депутаты Қожахметов Талғат Тимкенұлы «BI Group» компаниясына алғыс білдіреміз
- Қаралды: 1224
Елордалық депутат медициналық нысандарға 100 оттегі концентратын алу аппаратын табыстады.
Коронавирустық инфекциямен күрес жалғасуда. Сол күрестің алдыңғы шебінде ең алдымен дәрігерлер жүр. Бір тамшы ауаға зарыққан науқастарды емдеуге дәрі-дәрмекпен қатар, заманауи медициналық жабдықтар қажет.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының VII шақырылымының депутаты Қожахметов Талғат Тимкенұлы «BI Group» компаниясымен бірлесіп «Сарыарқа» ауданында орналасқан медициналық нысандарға және № 14 қалалық емханаға 100 өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппаратын табыстады.
«Мен күн сайын елдегі эпидемиалогиялық жағдай туралы оқып, бақылап отырамын. Өкінішке орай, мен дәрігер емеспін. Дәрігер болсам алдыңғы шепте дәрігерлермен бірге адамдардың өмірін құтқарып, денсаулығына жәрдем берер едім. Дегенмен, дәрігерлерге көмек беруге мүмкіндігім болғанына қуанышытымын», - деді депутат Талғат Қожахметов.
Бүгінгі таңда көптеген ауыр науқастардың өмірі оттегіге қол жеткізуге байланысты отыр. Айта кетейік, тыныс алу аппараттары қажеттілік танытқан медициналық нысандарға таратылды.
Жедел жәрдем шақыру себептері 4️ категорияға бөлінеді
- Қаралды: 3083
1, 2 және 3 санаттары шұғыл жағдайға жатады және оларға жедел жәрдем станциясының дәрігерлері келеді.
4 - шұғыл санатқа науқас орналасқан аймаққа жақын емхананың дәрігерлері осы қоңырауларға барады.
4 шұғыл категориясына келесілер кіреді:
- өмірге қауіп төндіретін айқын белгілері жоқ жедел аурулар немесе созылмалы аурулардың өршуі
- тері мен тері астындағы тіндердің жедел қабыну және аллергиялық аурулары
- жеңіл жарақаттар (таяз жаралар, күйіктер, көгерулер, абразивтер)
- созылмалы аурудан туындаған ауырсыну синдромы
- құсу + жұмсақ дегидратация белгілері бар нәжіс