"Үміт "дағдарыс орталығы" КММ-де дәріс өтті
- Қаралды: 1267
№14 қалалық емхананың қызметкерлері Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "Үміт "дағдарыс орталығы" КММ-де дәріс өткізді. Орталықтың қонақтарына осы кезеңде вакцинацияның маңыздылығы туралы айтылды.
Эпидемиолог Ыбырай Алмабекұлы comirnaty® препаратымен вакцинация туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
BioNTech/Pfizer вакцинасы әлемдегі алғашқы COVID-19 вакцинасы болды. Оны 2020 жылы Biontech неміс фармацевтикалық компаниясы американдық Pfizer фармацевтикалық кәсіпорнымен бірлесе отырып жасаған.
Біздің дәрігер Алеушинов Рүстембек Иланович Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында шахматтан турнирде 3 орын алды
- Қаралды: 1198
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында шахматтан турнирде №14 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері Алеушинов Рүстембек Иланович 3 орын алды. Іс-шараны "Senim "Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы"РҚБ Астаналық филиалы ұйымдастырды.
Турнирге емханадан эндоскопист-дәрігер Омаров Есбол Байғазыұлы және бағдарламашы Әбдірейім Жарас Болатұлы қатысты.
Турнир шарты бойынша қалалық іріктеу жеңімпаздары 10 желтоқсанда өтетін республикалық турнирге қатысады.
Емхананың директоры коронавирустық инфекциядан вакцинаның (ревакцинация) үшінші дозасын алды
- Қаралды: 1264
Бүгін №14 қалалық емхананың директоры Мусенов Ерлан Тастымбекұлы коронавирустық инфекциядан вакцинаның (ревакцинация) үшінші дозасын алды - QazVac. Осылайша, емхана директоры отандық өндірістің вакцинасына сенім білдірді және әріптестері оның үлгісіне ереді деп үміттенеді.
Сондай-ақ Ерлан Тастымбекұлы және жалпы практика дәрігері Сүндет Байзакович журналистердің Pfizer препаратымен балаларды ревакцинациялау және вакцинациялау туралы сұрақтарына жауап берді.
Сұхбат сенбі күні сағат 20.00-де "Qazaqstan" Ұлттық телеарнасының "Másele" бағдарламасында эфирге шығады.
«Жас мамандарды мамандығына қабылдау»
- Қаралды: 1316
30.11.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК - да «Жас мамандарды мамандығына қабылдау» салтанатты шарасы өтті.
Жас мамандарға емхана директоры Е. Т. Мусенов, аға тәжірибелі тәлімгер, учаскелік дәрігер Е. Ж. Айтпаева және кәсіподақ төрайымы А. П. Дунь құттықтау сөз сөйледі. Жаңа қызметкерлерге құттықтау хаттары, сыйлық сертификаттары мен гүлдер табыс етілді.
Емхананың тату ұжымы биыл жас мамандарды өздерінің үлкен отбасына қабылдайды. Биыл ол 8 жас дәрігерлермен және 10 орта медициналық жұмыскерлермен толықтырылды.