Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81
emhana14@mail.ru
64-40-85, 64-40-86
Тіркеу орны
64-40-99
Вакцинация мәселелері бойынша жедел желі
+7-708-425-0923
 Тәулік бойы істейтін Колл-орталық

29.11.2021-6.12.2021 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК Емханасының қызметкерлері «Астана медицина университеті» КЕАҚ базасында «МСАК деңгейінде жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі»циклі бойынша оқытудан өтеді.  

Сабақтар шеңберінде қызметкерлер ДДҰ және ЮНИСЕФ ұсынған ерте жастағы балалар мен жүкті әйелдерді патронаждық бақылау әдістемелерін зерделейді. Дәрістер циклін «АМУ» КЕАҚ кәсіби даму және қосымша білім беру орталығының басшысы Л. Т. Сапарова оқиды.

Біздің мамандар алған білімдерін күнделікті жұмысында қолдана алады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК емхана қызметкерлерінің кезекті жоспарлы кеңесі өтті. Негізгі мәселелердің бірі - акушерлік-гинекологиялық қызмет бөлімшесінің ағымдағы жылдың 10 айындағы қызметі туралы есеп. Акушерлік-гинкологиялық бөлімшенің меңгерушісі бөлімше қызметінің негізгі көрсеткіштері, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы индикаторлары бойынша есеп берді. Сондай-ақ, сәбилер, балалар өлім-жітімінің көрсеткіштерін төмендету бойынша іс-шаралар және аналар өлім-жітімін болдырмау бойынша іс-шаралар жоспарлары ұсынылды.

№14 қалалық емхананың қызметкерлері №15 мектеп-лицейде көшпелі вакцинациясын өткізді 16-17 жастағы мектеп оқушылары Pfizer шығарған "Комирнати" коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина алды.

Екпе алғысы келетіндердің барлығын терапевт тексерді. Барлық жасөспірімдерге температура, қысым өлшенді, сатурация тексерілді, содан кейін ғана иммундауға рұқсат берілді. Айта кетейік, вакцинация тек ата-аналардың жазбаша келісімімен ғана жүргізілді!

Бүгін егілген барлық 12 оқушыға жадынама мен ұсыныстар берілді. Вакцинациядан кейінгі бақылаудан кейін балалар өздерін жақсы сезініп, үйлеріне тарады.

logo.png
Астана қ. әкімдігінің "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК
Жеңіс д., 81
Тіркеу орны: 64‒40‒86, 64‒40‒85
E-mail: Emhana14@mail.ru Emhana14@mail.kz
© Copyright 2025. Design & Development by SITE-PRO.KZ
body { filter: grayscale(100%); }