Босануға дайындық бойынша сабағы жүкті әйелдермен өтті
- Қаралды: 1159
2021 жылы 18 қазанда "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК-да психолог А.Д. Нигметова және акушер босануға дайындық бойынша сабағын жүкті әйелдермен өткізді.
Акушермен бірге "Босану және жалған толғақ" туралы тақырыбын талқыладық. Гимнастика, лотос позасын, Кегель жаттығуларын жасадық.
Психолог денеге бағытталған терапияны, дем алу жаттығуларын, психоэмоционалды денсаулық туралы сабағын өткіздi.
Апта сайын әр дүйсенбі және бейсенбi күндері сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін емханада "Босануға дайындық бойынша мектепте" сабақтар өткізіледі.
Туберкулездің алдын алу айлығы
- Қаралды: 1287
Құрметті достар! Конституция 2 мекен-жайы бойынша (бұрынғы. Бахус СҮ), тегін флюорография жүргізілді!
Дүниежүзілік қол жуу күні
- Қаралды: 1331
Қол гигиенасы, бұл— инфекцияларды төмендету үшін бірінші кезектегі шара. Бұл бір қарағанда қарапайым әрекет, бірақ оны медициналық мамандар арасында сақтамау бүкіл әлемде проблема болып табылады. Қол гигиенасына әсер ететін аспектілер мен ең жақсы қолданыстағы стратегиялардың соңғы зерттеулеріне сүйене отырып, қол гигиенасын енгізудің жаңа тәсілдері тиімді екендігі анықталды. Қол гигиенасын енгізу және жақсарту үшін бірқатар стратегиялар ұсынылды және ДДҰ—ның пациент қауіпсіздігі жөніндегі бірінші жаһандық міндеті «Тазалық—қауіпсіз медициналық көмектің кепілі» - бір мезгілде тиімді араласуды қолдана отырып, денсаулық сақтаудағы қол гигиенасының стандарттары мен практикасын жақсартуға назар аударды.
15 қазан-Дүниежүзілік емшек безі обырымен күрес күні
- Қаралды: 1313
Емшек безі қатерлі ісігі-әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі.
Әсіресе 40 жастан асқан әйелдер жиі ұшырайды. Бұл мәселе бүгінде жаһандық сипатқа ие.
Емшек безінің қатерлі ісігі жас әйелдерді өте сирек зақымдайды, бірақ жыл сайын ауру қаупі артуда.