Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81
emhana14@mail.ru
64-40-85, 64-40-86
Тіркеу орны
64-40-99
Вакцинация мәселелері бойынша жедел желі
+7-708-425-0923
 Тәулік бойы істейтін Колл-орталық

Астана қаласы әкімдігінің №14 қалалық емханасы шаруашылық қызметі бөлімінің бастығы Асығат Сағадатұлы Инербаевты зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құттықтайды.

 

Асығат Сағадатұлы еңбек жолын 1979 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Калинин атындағы совхоздың мәдениет үйінде суретші болып бастаған. 1980 жылдан 1982 жылға дейін Целиноград облысы М.Мәметова атындағы совхозда еңбек мұғалімі болып жұмыс істеді. 1984 жылы Кеңес Армиясы қатарында қызметін аяқтағаннан кейін Целиноград ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсті; Целиноград облысында зооинженер біліктілігін алып, Алматы облысында зоотехник, экономист лауазымында жұмыс жасаған. 2000 жылдан бастап Асығат Сағадатұлы құрылыс саласындағы жұмысын Алматы қаласындағы «Акцепт» корпорациясының күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, ЖШС прорабы, «БКМ» ЖШС учаскесінің бастығы, Астана қаласындағы «Байланысқұрылыс» директорының орынбасары қызметін жалғастырды. 2015 жылдан бастап – директор  «Азамат»  жеке кәсіпкерлік директоры.  2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің №14 қалалық емханасының шаруашылық қызметі бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді.

Асығат Сағадатұлы өмір жолыңда үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетіп, адамгершілік пен кісілік қасиеттерді серік етіп келеді. Ізгілігіңіз бен іскерлігіңіз – көпке үлгі, кейінгіге өнеге.

Құрметті Асығат Сағадатұлы! Осы қуанышты күні Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, өміріңізге шаттық пен бақыт тілейміз. Алда келе жатқан әрбір күніңіз жарқын істерге, жақсы сәттерге, шуақты таңдарға толы болсын! 

Сізге деген әріптестеріңіздің шынайы құрметі – адал еңбегіңіздің, сабырлы мінезіңіздің, әділдігіңіз бен жауапкершілігіңіздің жемісі. Сіздің ісіңіз – сөзден артық сөйлейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

logo.png
Астана қ. әкімдігінің "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК
Жеңіс д., 81
Тіркеу орны: 64‒40‒86, 64‒40‒85
E-mail: Emhana14@mail.ru Emhana14@mail.kz
© Copyright 2025. Design & Development by SITE-PRO.KZ
body { filter: grayscale(100%); }