Қарттар күні
- Қаралды: 402
Қарттар күні – халықаралық мерекесі. Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді.
Қарттар күні – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін ерекше құрметтеудің, сондай-ақ қарттарға қолдау көрсету, олардың тұрмысын жақсарту мен өмір сүру ұзақтығын арттыру сияқты мәселелерге назар аударудың символы.
Аға буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесі мен даналығы баға жетпес құндылық, олардың көптеген жетістіктері – жастарға үлгі.
Құрметті ардагерлер, баршаңызды 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен құттықтаймыз!
Сіздер кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейір¬бандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келесіздер. Егемен еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауды, жақсы күндерді еселі еңбегімізбен жақындатуды біз сіздерден үйреніп келеміз.
Қарттары бар ел – бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін!