Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81
emhana14@mail.ru
64-40-85, 64-40-86
Тіркеу орны
64-40-99
Вакцинация мәселелері бойынша жедел желі
+7-708-425-0923
 Тәулік бойы істейтін Колл-орталық

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
❗Кейде ата-аналар үйдің терезесін ашық қалдырып кетеді❗️. Мұның бала өміріне қаншалықты қауіпті екеніне мән бермей жатады. Осындай немқұрайлы қараған ата-ана салдарынан елімізде жыл сайын биіктен құлап, қаза тапқан балалар саны артуда. 🔊Терезеден құлау – балалардың жарақат-тануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі, әсіресе қалаларда жиі кездеседі. Статистика көрсеткендей, көп жағдайда балалардың құлауы ересектердің қарауынсыз қалған сәтте немесе ата-аналардың назарынан тыс қалған уақытта болады. Оқиғалардың көп бөлігі сәуір-қазан аралығында болады. Терезеден құлап шетінеген балалардың негізгі жасы – 2-ден 6 жасқа дейін. Бұл ретте балалардың жарақаттануын төмендету мақсатында мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынамыз: «Біріншіден, кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз, құлау жағдайларының көпшілігі балалар қараусыз қалған кезде болады. Жиһаздың барлық түрін терезелерден алыс қойыңыз, бала осы арқылы терезе алдына оп-оңай шығып алады, москит торларына сенбеңіз. Олар құтқарып қалуға арналмаған! Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезініп, сүйенуі мүмкін. Тіпті ең сапалы торлар баланың салмағын ұстап тұра алмайды, егер бала бөлмеде болса, терезе мен балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы терезелерді немесе желдету режімін қолданыңыз, терезелердің толық ашылуына мүмкіндік бермейтін арнайы фиксатор қойыңыз, бұл баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуына мүмкіндік бермейді, терезенің тұтқасына құлып орнатыңыз. Егер сіз балаңызға терезенің алдынан бірдеңе көрсетсеңіз, оны мықтап ұстап тұрыңыз, баланың жылдам қимылына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болсын, балаңызды киімнен ұстамаңыз. Егер сізде бекіткіш және сақтандыру жабдығын орнату мүмкіндігі болмаса, бекіткіш тұтқаларды бұрауышпен оңай бұрап, қажет болған жағдайда бірден шығарып алып тастай аласыз. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз, үлкендерді кішіге бас-көз болуға үгіттеңіз».

logo.png
Астана қ. әкімдігінің "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК
Жеңіс д., 81
Тіркеу орны: 64‒40‒86, 64‒40‒85
E-mail: Emhana14@mail.ru Emhana14@mail.kz
© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ
body { filter: grayscale(100%); }