Елордалықтар биыл МӘМС үшін қанша және қалай төлейді?
- Қаралды: 566
Елордалықтар биыл МӘМС үшін қанша және қалай төлейді?
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) жаңа мөлшері бекітілуіне байланысты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді.
Сонымен, биыл МӘМС-ке қанша төлейміз? МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады? Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебені қалай тексереді? - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының өкілдері барлық санаттағы төлемшілер төлейтін МӘМС жарналары туралы түсіндіріп берді.
Жұмыс берушілер – 3%
Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3% мөлшерінде аударым жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ-дан (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс, яғни жұмыс берушінің аударымдарының ең жоғары төленетін сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.
Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.
Жұмыскерлер – 2%
Жалдамалы жұмыскерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарт негізінде қызмет көрсететін жұмыскерлер МӘМС-ке ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді. Салық салу объектісі барлық жұмыс орындарынан айына 10 ЕТЖ-дан (2024 жылы 850 000 теңге) аспауы тиіс, яғни қызметкердің жалақысына қарай, төлейтін ең жоғары жарна - 17 000 теңге.
Егер екі жерде жұмыс жасаса, жарналарды қалай есептеу керек?
Жарналарды төлеу кезінде шекті табыс барлық жұмыс орындарына қарай ескеріледі. Мысалы, қызметкердің жалақысы 600 000 теңге делік. Сонымен қатар, АҚС шарты бойынша қызмет көрсетіп, 350 000 теңге жалақы алады. Жалпы табыс 950 000 теңгені құрайды, яғни 10 ЕТЖ-дан асады. Бұл жағдайда қызметкердің бір жұмыс орнынан жарналар толық мөлшерде ұсталуы керек. Мысалы: 600 000 * 2% = 12 000 теңге. Ал екінші жұмыс орнында ең жоғары төлемнен қалған бөлігі ғана ұсталады: 17 000 теңге (ең жоғары төленетін жарна) – 12 000 теңге (бірінші жұмыс орнынан төленген жарна) = 5 000 теңге (екінші жұмыс орнынан жарна).
Екінші жұмыс беруші жарна мөлшерін дұрыс есептеуі үшін қызметкер оған аударылған жарналар ту