Денсаулық - әр адамның өміріндегі ең құнды және ең маңызды нәрсе.
- Қаралды: 1173
Денсаулық - әр адамның өміріндегі ең құнды және ең маңызды нәрсе. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша: «Денсаулық – бұл аурудың немесе кемістіктің болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік салауаттылық, денсаулық белгілері:
- зақымдаушы факторлардың әсеріне төзімділік;
- орташа статистикалық қалыпты жағдай шегінде ағзаның функционалдық көрсеткіштері;
- ағзаның резервтік мүмкіндіктерінің болуы;
- қандай да бір аурудың немесе даму ақауларының болмауы;
- моральдық-еріктік және құндылық-мотивациялық қатынастың жоғары деңгейі.
ДДҰ деректері бойынша адам денсаулығының тепе-теңдігіне келесі факторлар әсер етеді: биологиялық, әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени, психологиялық, олар жеке денсаулыққа әртүрлі үлестері бар 4 топқа біріктірілген. Олардың біздің елге қатысты пайыздық үлесі келесідей:
- генетикалық факторлар - 15-20%;
- қоршаған ортаның жағдайы - 20-25%;
- медициналық қамтамасыз ету – 8-10%;
- адамдардың өмір сүру жағдайлары мен салты - 55-60%.