Скрининг - жиі қойылатын сұрақтар
- Қаралды: 1016
Скрининг - жиі қойылатын сұрақтар
Қатерлі ісік скринингі дегеніміз не?
Бұл қатерлі ісік пен ісік алды ауруларды ерте анықтауға арналған бағдарлама, ол пациентте симптомдарсыз немесе шағымдарсыз қатерлі ісік дамығанын анықтайтын зерттеулерді қамтиды.
Қазақстанда онкологияны анықтау үшін қандай скрининг түрлері бар? Қазақстанда қатерлі ісіктерді ерте анықтау үшін скринингтің 3 түрі бар: жатыр мойны обырына скрининг (цитологиялық зерттеуге жағынды алу арқылы 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер арасында 4 жылда бір рет жүргізіледі); сүт безі обырына скрининг (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер арасында маммография арқылы 2 жылда 1 рет жүргізіледі); тоқ ішек қатерлі ісігінің скринингі (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында нәжістегі жасырын қанды анықтау арқылы 2 жылда бір рет жүргізіледі). Бұл скринингтер тіркеу орны бойынша емханада немесе дәрігерлік амбулаторияда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізіміне енгізілген. Қай жерде тегін скринингтен өтуге болады?
Сіз тіркелген медициналық ұйымда тегін скринингтен өте аласыз.
Warning: No images in specified directory. Please check the directoy!
Debug: specified directory - https://emhana14.kz/images/images/2022/06.04.1