Халықаралық әйелдер күні қарсаңында №14 қалалық емхананың медбикесі Буивидавичус Наталья Ивановна алғыс хатпен марапатталды.
- Қаралды: 954
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында №14 қалалық емхананың медбикесі Буивидавичус Наталья Ивановна алғыс хатпен марапатталды. Көктемгі мерекемен "Сарыарқа" ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов құттықтады.
Наталья Ивановна Целиноград медициналық училищесін бітіргеннен кейін, 1980 жылы Целиноград станциясындағы балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің медбикесі болып жұмысқа орналасты. Осы жерде ол қайта ұйымдастырылғанға дейін жұмыс істеді. 2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№14 қалалық емхана" МКК жұмыс істейді. "ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ үшін" төсбелгісі бар.
"Сарыарқа" ауданының гүлденуіне елеулі үлес қосқан адамзаттың басқа да нәзік жандылары әкімнен алғыс хаттарға ие болды.