Нұр-Сұлтан қаласы №15 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары үшін №14 қалалық емхананың салауатты өмір салтын ұстанушы дәрігері мектеп медбикесімен бірлесіп «Темекі шегу зиян» атты семинар-тренинг ұйымдастырды
- Қаралды: 1240
Нұр-Сұлтан қаласы №15 мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушылары үшін №14 қалалық емхананың салауатты өмір салтын ұстанушы дәрігері мектеп медбикесімен бірлесіп «Темекі шегу зиян» атты семинар-тренинг ұйымдастырды.
Жасөспірімдер арасындағы темекі шегу – денсаулық пен бүкіл қоғамның ең маңызды проблемаларының бірі. Балалар мен жасөспірімдерге темекі шегудің ерекше зияны әлі жетілмеген ағзаның физиологиясына байланысты. Сондықтан мектеп оқушыларының бойына темекі шегудің зияны, электронды темекінің зияны туралы ақпарат беру, салауатты өмір салты элементтерін сіңіру өте өзекті.
Семинар барысында мектеп оқушыларына салауатты өмір салтының тенденциялары: спорт, дұрыс тамақтану, белсенді қоғамдық өмір туралы дәріс оқылды. Бұл аспектілердің барлығы зиянды әдеттердің алдын алудың және өмірлік маңызды - жеке жауапкершілік және жағымсыз құбылыстарға қарсы тұру дағдыларын қалыптастырудың құрамдас бөлігі болып табылады.