ЖАҢА ЖЫЛДЫ МЕРЕКЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ
- Қаралды: 1092
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «№14 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА» ШЖҚ МКК КЕШЕ 30.12.2021 ЖЫЛЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫ МЕРЕКЕЛЕУГЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ.
Жаңа жылдық мереке қарсаңында емхана қызметкерлері үшін жаңа жылдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс – шара барысында емхана директоры Е. Т. Мусенов, директордың емдеу-алдын алу ісі жөніндегі орынбасары Ж. А. Бекбосынова, аға мейіргер Р. Ж. Мустафина, кәсіподақ комитетінің төрағасы А. П. Дунь құттықтап сөз сөйледі. Сондай-ақ, №14 қалалық емхананың қызметкерлері үшін арнайы шақырылған Назби театрының әртістері өнер көрсетті. Дәстүр бойынша қызметкерлерді Аяз Ата мен Ақшақар құттықтап, ойын-сауық конкурстары мен сыйлықтар дайындалды. Іс-шара соңында мерекелік фуршет өтті.
№14 қалалық емхананың ұжымына бақыт, зор денсаулық, қуаныш, ерекше жаңа жылдық көңіл-күй, молшылық пен амандық тілейміз! Осындай жауапты және көпқырлы кәсіби қызметте табыс тілейміз!
Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтаймыз!