Босануға дайындық бойынша сабағын жүкті әйелдермен өтті
- Қаралды: 1276
2021 жылғы 27 қыркүйек "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК-да психолог А.Д. Нигметова және акушер босануға дайындық бойынша сабағын жүкті әйелдермен өткізді.
Акушер 39 аптада журген жүкті әйелмен сабақ өткізді.
Тақырыбы: Босану, босану кезеңдері, босанудың 1 кезеңінің белсенді фазасы, әйел дұрыс мінез -құлықпен, дұрыс тыныс алу техникасымен, тік қалыпта босану ауырсынуын жеңілдетео алады.
Психолог денеге бағытталған терапия, релаксация техникалары, психоэмоционалды денсаулық туралы сабағын өткіздi.
Апта сайын әр дүйсенбі және бейсенбi күндері сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін емханада "Босануға дайындық бойынша мектепте"сабақтар өткізіледі.
Жүктілігі бойынша есепке тұрған жүкті әйелдер сабаққа келе алады.
Дене белсенділігі дененің бұлшық еттеріне оң әсер етеді. Соның арқасында өз-өзіңді формада қалай ұстауға болатынын, артық салмақ қоспауды және теріңнің созылып, босаңсуын болдырмауды үйренуге болады. Жаттығу психологиялық жағдайға да әсер етеді. Тыныс алу жаттығулары ана мен баланың жалпы жағдайына өте пайдалы әсер етеді.
Біздің аналар жаңа, қызықты ақпаратты біліп, бойына сіңірді.
Қатысушылар демалып, жақсы көңіл-күйде кетті!