Медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынғанын хабарлаймыз
- Қаралды: 1174
Қымбатты достар, №14 қалалық емхананың кешенді жұмыс жоспары аясында ауруларды диагностикалау мен оңалтуға инновациялық технологияларды енгізу, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және кеңейту үшін бірқатар медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынғанын хабарлаймыз.
Осыған байланысты біздің емхана УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу), ФГДС (фиброгастродуоденоскопия), стоматология кабинеттерін ашуды жоспарлап отыр.
Бүгінгі күні гинекология кабинеттері жаңа гинекологиялық креслолармен жабдықталған, екінші қабатта құндақтау үстелдері орналасқан, сондай-ақ PRIMEDIC сериялы дефибриллятор аппараты сатып алынды. Емхана жұмыс сапасын жақсартуға және пациенттерді диагностикалау мен емдеудің тиімділігін жақсарту үшін жаңа технологияларды енгізуге ұмтылатынын атап өткіміз келеді.