Психолог босануға дайындық бойынша сабағын жүкті әйелдермен өткізді
- Қаралды: 1256
2021 жылғы 23 тамызда"№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК-да психолог А.Д. Нигметова босануға дайындық бойынша сабағын жүкті әйелдермен өткізді.
Психолог маманы денеге бағытталған терапияны, арт терапияны, психоэмоционалды денсаулықты түзету туралы сабағын өткіздi.
Психологиялық әдістердің маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие.
Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.
Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия, өнермен емдеу деген ұғымды білдіреді.
Арт терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би, драма терапиясы, ертегі, ойын терапиясы, мандалотерапия, оригами, этнотерпия, т.б.
Апта сайын әр дүйсенбі және бейсенбi күндері сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін емханада "Босануға дайындық бойынша мектепте"сабақтар өткізіледі.
Жүктілігі бойынша есепке тұрған жүкті әйелдер сабаққа келе алады.
Біздің әр сабағымыз әр түрлі және қызықты болып өтеді.
Бізге қосылыңыздар!