Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81
emhana14@mail.ru
64-40-85, 64-40-86
Тіркеу орны
64-40-99
Вакцинация мәселелері бойынша жедел желі
+7-708-425-0923
 Тәулік бойы істейтін Колл-орталық

Бүгін Емханамызда Әйелдер кеңесінің меңгерушісі - Балзура Карткужаковна Куанбаева өзінің мерейлі 60 жасын атап өтуде!

Куанбаева Балзура Карткужаковна 1983 жылы Алматы қаласындағы мемлекеттік медицина институтына «Емдеу ісі» мамандығы бойынша түсіп, оны 1989 жылы тамамдаған. Еңбек жолын Шымкент қаласының облыстық перзентханасында акушер-гинеколог дәрігері болып бастаған.
1990 - 2014 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы облыстық, № 2 және № 4 қалалық перзентханаларда акушер-гинеколог, сарапшы дәрігер лауазымдарды абыроймен қызмет атқарған.
2014 жылдан бастап Астана қаласында еңбек жолын жалғастыруда.
2014-2015 жж - № 2 Перинаталдық орталығында акушер гинеколог дәрігері болып жұмыс жасады.
2015-2017 жылдары Перинаталдық алдын алу орталығының акушер гинеколог дәрігері, 2017-2020 жылдары № 12 қалалық емханада акушер гинеколог дәрігері болып жұмыс жасаған.
2020 жылғы 2 желтоқсаннан бастап біздің емханамыздың Әйелдер кеңесінің меңгерушісі болып еңбек етуде.
Жұмыс барысында өзіне және әріптестеріне талап қоя білетін жоғары білікті маман ретінде танимыз. Барлық теориялық білім деңгейін және практикалық дағдыларды меңгерген, үнемі кәсіби шеберлігі мен білімін шыңдаумен айналысатын білікті маман. Өз біліктілігін үнемі арттырып отырады. Сонымен қатар халықаралық семинарлар мен тренингтерге, «Ана мен бала» Халықаралық ғылыми форумдарына, «Қазақстан халқының репродуктивті потенциалы» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып отырады.
Құрметті, Балзура Карткужаковна! Сізді емхана ұжымы шын жүректен мерейтойыңызбен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс тілейді. Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болсын!

 

logo.png
Астана қ. әкімдігінің "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК
Жеңіс д., 81
Тіркеу орны: 64‒40‒86, 64‒40‒85
E-mail: Emhana14@mail.ru Emhana14@mail.kz
© Copyright 2026. Design & Development by SITE-PRO.KZ
body { filter: grayscale(100%); }