Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81
emhana14@mail.ru
64-40-85, +7 778 021-88-6
Call-орталық
64-40-99
Сенім телефоны

ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІ

 
Бөлімше емхананың акушерия және гинекология саласындағы ең заманауи медициналық технологияларды қолданатын жетекші құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Оның негізгі міндеті — әйелдерге мамандандырылған медициналық көмекті білікті түрде көрсету.

Бөлімшеде жоғары санатты білікті акушер-гинеколог дәрігерлер, сондай-ақ жас мамандар қабылдау жүргізеді.

Бөлімше заманауи емдеу-диагностикалық аппараттармен жабдықталған: жоғары сапалы кольпоскоп және ұрықтың жағдайын функционалдық бағалауға арналған кардиотокография аппараты бар. Дәрігерлер алдын ала жазылу бойынша қабылдайды.

Әйелдер консультациясы гинекологиялық науқастарға, оның ішінде жасөспірімдерге (анасының немесе заңды өкілінің қатысуымен) толық көлемде медициналық көмек көрсетеді (кеңес беру, тексеру, шағын операциялар жасау және т.б.). Гинекологиялық кабинетте жүргізілетін негізгі манипуляциялар: жатыр мойнының кеңейтілген кольпоскопиясы, цитологиялық зерттеу және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды анықтау үшін биоматериал алу, жатырішілік құралды енгізу және алып тастау, акушерлік және гинекологиялық пессарийлерді енгізу және алып тастау.

Жүкті әйелдерді қабылдау «жасыл дәліз» әдісі бойынша жүргізіледі. Жүктілікті жүргізу ҚР ДСМ бұйрықтарына сәйкес барлық қажетті зертханалық зерттеулерді, акушер-гинеколог дәрігердің, әйелдер консультациясы меңгерушісінің және басқа бейіндегі мамандардың консультацияларын өткізу арқылы жүзеге асырылады. Жүкті әйелдерді жүргізу бағдарламасына босануға және емізуге психопрофилактикалық дайындық бойынша жеке сабақтар, емдік дене шынықтыру енгізілген.

 

Акушерлік-гинекологиялық бөлім меңгерушісі

Қуанбаева Балзура Картқожаққызы

 

Жоғары біліктілік санатындағы дәрігер.

1989 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған.

№14 қалалық емханада қызмет атқарады. Сонымен қатар «МУА» КеАҚ-ның №1 акушерлік және гинекология кафедрасында тәлімгер болып жұмыс істейді.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» марапатының иегері.

2020 ж. — ШЖҚ МКК «№14 Қалалық емхана»

 

Аға акушерка

Булжатова Наталья Владимировна

 

1995 жылы Ақмола медициналық училищесін тәмамдаған.

2008 жылы «Парасат» Қазақстан көпсалалы институтын бітірген.

Академиялық бакалавриат дәрежесіне ие.

«Халық алғысы» марапатының иегері.

2022 ж. — ШЖҚ МКК «№14 Қалалық емхана»

 

Акушер-гинеколог дәрігер

Исаева Ельнура Иссаевна

1994–1999 жылдары ҚММА-ны тәмамдаған.

2000 жылы ҚММА интернатурасын аяқтаған.2001–2015 жылдары Қарағанды облысы Осакаров аудандық ауруханасында жұмыс істеген.

2015–2018 жылдары ШЖҚ МКК «№8 Қалалық емхана» меңгерушісі болған.

2018 жылдан бастап акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті.

2023 жылдан бастап ШЖҚ МКК «№14 Қалалық емхана» мекемесінде қоса атқарушы қызметкер.

2025 жылы Қазақстан Медицина Қызметкерлері Қоғамының шешімен денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Мінсіз қызметі үшін»орденімен марапатталды.

 

Акушер-гинеколог дәрігер

Қамысбаева Пернеш Үмітханқызы

 

2000 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын тәмамдаған.

Жоғары біліктілік санатындағы дәрігер.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» марапатының иегері.

2024 ж. — ШЖҚ МКК «№14 Қалалық емхана»

 

Акушер-гинеколог дәрігер

Ерекешова Райса Малқаждарқызы

 

1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (АГМИ) тәмамдаған.

1997–2011 жылдары аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде акушер-гинеколог дәрігер болып жұмыс істеген.

2011–2017 жылдары Орал қаласындағы №5 қалалық емханада акушер-гинеколог дәрігер қызметін атқарған.

2017–2025 жылдары Орал қаласындағы «Интертич» медициналық орталығында акушер-гинеколог дәрігер болып еңбек еткен.

2026 жылдың 26 қаңтарынан бастап — ШЖҚ МКК «№14 Қалалық емхана».

 

 

 

                           Терапевт дәрігер

           Жақсыбаева Алтынгүл Бекқожақызы

 

1980 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (АГМИ) тәмамдаған.

2017 жылдан бастап №12 ШЖҚ МКК жанындағы күндізгі стационарда терапевт дәрігер болып жұмыс істеген.

2022–03.2026 жылдары №14 ШЖҚ МКК жанындағы күндізгі стационарда терапевт дәрігер қызметін атқарған.

2026 жылдан бастап әйелдер кеңесінде терапевт дәрігер болып жұмыс істейді.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» марапатының иегері.

 

Процедуралық кабинет медбикесі

Назарова Айнұр Молдабайқызы

 

1996 жылы ШМК-ны тәмамдаған.

2023 жылы қолданбалы бакалавр жоғары білімін алған.

Жоғары санатты маман.

2020 ж. — ШЖҚ МКК «№14 Қалалық емхана»

 

       

Акушерка

Ерімбетова Жанара Абдухахарқызы

 

1999 жылы ШЖҚ МКК «Түркістан жоғары медициналық колледжін» тәмамдаған.

2020 ж. — ШЖҚ МКК «№14 Қалалық емхана»

logo.png
Астана қ. әкімдігінің "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК
Жеңіс д., 81
Тіркеу орны: 64‒40‒86, 64‒40‒85
E-mail: Emhana14@mail.ru Emhana14@mail.kz
© Copyright 2026. Design & Development by SITE-PRO.KZ
body { filter: grayscale(100%); }