Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81
emhana14@mail.ru
64-40-85, 64-40-86
Тіркеу орны
64-40-99
Вакцинация мәселелері бойынша жедел желі
+7-708-425-0923
 Тәулік бойы істейтін Колл-орталық

Мектеп медицинасы бөлімі

Мектеп медицинасы бөлімшесі

Оқушыларға медициналық пункттегі медициналық көмекті "Педиатрия", "Жалпы дәрігерлік практика" мамандықтары бойынша бітірген дәрігерлер (бұдан әрі – мектеп дәрігері), "Мейіргер ісі" "Мектеп медицинасындағы мейіргер ісі"мамандығы бойынша мейіргер көрсетеді.

       Мектеп медицинасын ұйымдастыруға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:

1) профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу;

2) профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;

3) психоактивті заттарды қолданумен байланысты мінез-құлық тәуекелдерінің профилактикасы және оларды төмендету;

4) вакцинация жүргізу;

5) оқушылар арасында аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру, алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту семинарларын, тренингтер мен дәрістер ұйымдастыру және өткізу;

6) білім беру және түсіндіру іс-шараларын жүргізе отырып, ата-аналар мен педагогтерді оқушылардың денсаулығын қорғауға тарту;

7) жедел медициналық көмек көрсететін медицина қызметкерлері келгенге дейін шұғыл жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсету

Астана қаласы әкімдігінің "№14 қалалық емхана " ШЖҚ МКК қатысты Астана қаласы әкімдігінің "№14 мектеп-гимназиясы" ШЖҚ МКК, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің "№ 15 мектеп-лицейі" ШЖҚ МКК мектеп медицинасын ұйымдастыруға қатысады.

 

Осы білім беру мекемелерде педиатр дәрігері Азиман Орынтай жұмыс жасайды.

«Педиатрия» мамандығы бойынша «Астана Медициналық Университетін» бітірген.

Жалпы жұмыс өтілі 13 жыл құрайды.

Оның ішінде 7 жыл учаскелік педиатр дәрігері болып істеген, қазіргі уақытта мектеп дәрігері.

Исатова Гульбану Астана қаласы әкімдігінің "№ 15 мектеп-лицейі" ШЖҚ МКК медициналық пунткінің мейіргері, жұмыс өтілі  3 жыл.

Ташкент қаласындағы Республикалық медицина колледжін бітірген, мамандығы фельдшер

Жилкайдарова Айгуль Мухамедяровна "№ 15 мектеп-лицейі" медициналық пунткінің мейіргері. Жұмыс өтілі  28 жыл құрайды. Жоғарғы біліктілік санатына ие.

1990 жылы «Мейіргер» мамандығы бойынша Арқалық медициналық училищесін бітірген.

21 жылдан астам мектептегі медициналық пунктінің мейіргері болып жұмыс істеді.

 

 

Астана қаласы әкімдігінің "№14 мектеп-гимназиясы" ШЖҚ МКК  медициналық пунктінің мейіргері:

Сейдуалиева Бибигуль Жамаловна

Жұмыс өтілі  6 жыл құрайды. 2016 жылы Астана қаласындағы "Даналық" медициналық колледжін бітірген. Мамандығы: «Мейіргер ісі»

logo.png
Астана қ. әкімдігінің "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК
Жеңіс д., 81
Тіркеу орны: 64‒40‒86, 64‒40‒85
E-mail: Emhana14@mail.ru Emhana14@mail.kz
© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ
body { filter: grayscale(100%); }