Жастар денсаулық орталығы
Жастар денсаулық орталығы (ЖДО) — 10-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға және 18-29 жас аралығындағы жастарға репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша медициналық, емдеу-профилактикалық көмек, психоәлеуметтік және заңгерлік қызметтер көрсетеді.
Жастар денсаулық орталығында қандай қызметтер, көмек және қолдау алуға болады?
- Репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша ақпараттық қызметтер.
- Гинеколог, уролог, дерматовенеролог, психолог, әлеуметтік қызметкердің консультативтік көмегі.
- Емдеу-алдын алу бойынша көмек: репродуктивті денсаулық ауруларының (соның ішінде ЖЖБИ) алдын алу, диагностикасы және емі;
- Медициналық-психологиялық көмек (оның ішінде психологиялық зерттеу, түзету қолдауы, консультациялық көмек).
ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС ПРИНЦИПІ:
Қол жетімділік
ОС МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер тегін көрсетіледі
Еріктілік. ▸ Жастар денсаулық орталығының қызметтерін ерікті түрде таңдау
Ізгі ниет ▸ Орталықта достық пен қолдау атмосферасы бар.
Сенім
▸ЖДО қызметкерлері құпиялылықты сақтайды, яғни дәрігерге айтқанның бәрі сіздің араңызда қалады!
ЖДО қызметі жыныстық және репродуктивті денсаулық пен психологиялық салауаттылық, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, жастардың денсаулығын сақтайтын қарым-қатынас пен дағдыларды қалыптастыру мәселелерінде мақсатты топтың санасын арттыруға ықпал етеді.