Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81
emhana14@mail.ru
64-40-85, 64-40-86
Тіркеу орны
64-40-99
Вакцинация мәселелері бойынша жедел желі
+7-708-425-0923
 Тәулік бойы істейтін Колл-орталық

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен дәрілік заттардың медициналық мақсаттағы бұйымын сатып алу туралы № 10 хабарландыру

 Астана қаласының «№14 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, мекенжайы: Астана  қаласы, Жеңіс даңғылы, 81, БСН 200940029071, БСК IRTYKZKA, ЖСК KZ1696503F0010788528, «Forte Bank» тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдар) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, фармацевтикалық қызметтер жүйесінде (бұдан әрі - 2022 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.

 1-қосымшада: сатып алынатын медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір тауар бойынша сатып алу үшін бөлінген сома көрсетілген;

Жеткізу мерзімі мен шарттары – 2022 жыл ішінде ай сайын Тапсырыс берушінің өтініші бойынша қажетті мөлшерде.

Жеткізуші Тапсырыс берушіден өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекенжай бойынша жеткізуді жүзеге асырады: Астана қаласының «№14 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 81

 Тапсырыс беруші нақты жеткізілген тауар үшін төлемді Тапсырыс беруші қабылдау - беру актісіне қол қойған және жеткізуші шот-фактураны ұсынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізеді.

Конверттерге желімделген әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары мына мекенжай бойынша ұсынылады: Астана қаласының «№14 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, мекенжайы: 414 кабинет, 18.11.2022 ж. сағат 11.00-ден бастап 24.11.2022 ж. сағат 11.00-ге дейін (жұмыс режимі сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін; түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14. 00 мин.-ге дейін).

 Әлеуетті жеткізушілердің баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу күні 24.11.2022 жылы 11 сағат 15 минутта Астана қаласының «№14 қалалық емхана» шаруашылық  жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекенжайы бойынша, 414 кабинет.

 Әлеуетті жеткізушілер баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі өткенге дейін берілген баға ұсыныстарын кері қайтарып алуға құқылы.

Тапсырыс беруші және (немесе) сатып алуды ұйымдастырушы бұл туралы хабардар ететін ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады.

 Бірдей баға ұсыныстары ұсынылған жағдайларда баға ұсынысын бірінші болып ұсынған әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады.

 Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға осы Қағидалардың 102-тармағына сәйкес баға ұсынысы мен құжаттары ұсынылған бір әлеуетті жеткізуші қатысқан жағдайда, Тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы осындай әлеуетті жеткізушіні сатып алудың жеңімпазы деп тану туралы шешім қабылдайды.

 Баға ұсыныстары болмаған кезде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылады.

  Жеңімпаз жеңімпаз деп танылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды Тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады:

1) Фармацевтикалық қызметке және (немесе) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес алынған (жіберілген) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжат түріндегі көшірмелері қоса беріледі. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық қызметке және (немесе) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

 2) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

 3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)туралы анықтама, жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);

4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, онда акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе сатып алу жарияланған күннен кейін құрылтай шартының көшірмесі ұсынылады);

5) берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, «Электрондық үкімет» веб-порталы немесе «салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы арқылы алынған есепке алу Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін есепке алу болып табылады;

 6) осы әлеуетті жеткізушінің Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтындығы туралы Қазақстан Республикасы салық органының анықтамасының түпнұсқасы (егер әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмесе).

Фармацевтикалық қызметтерді сатып алу кезінде әлеуетті жеткізуші бірлесіп Орындаушыға осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынады.

Жеңімпаз біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, баға ұсыныстары тәсілімен сатып алу өтпеді деп танылады.

Сатып алуды ұйымдастырушы қорытындылар шығарылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде қорытындылар хаттамасын Тапсырыс берушіге жібереді.

Тапсырыс беруші тиісті біліктілік талаптарына жеңімпаз анықталған немесе қорытындылар хаттамасын алған күннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде әлеуетті жеткізушіге Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалатын қол қойылған сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартты жібереді.

Алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жеңімпаз сатып алу шартына, фармацевтикалық қызметтер көрсету шартына қол қояды не Тапсырыс берушіні немесе сатып алуды ұйымдастырушыны оның шарттарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді.

Қол қойылған сатып алу шартын, фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартты көрсетілген мерзімде ұсынбау оны жасасудан бас тарту (шарт жасасудан жалтару) болып есептеледі. Келіспеушіліктерді қарау мерзімі екі жұмыс күнінен аспайды.

  

 

Директор                                                                                     Ғ. Құсаинов

 Жүктеу

logo.png
Астана қ. әкімдігінің "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК
Жеңіс д., 81
Тіркеу орны: 64‒40‒86, 64‒40‒85
E-mail: Emhana14@mail.ru Emhana14@mail.kz
© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ
body { filter: grayscale(100%); }