Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81
emhana14@mail.ru
64-40-85, 64-40-86
Тіркеу орны
64-40-99
Вакцинация мәселелері бойынша жедел желі
+7-708-425-0923
 Тәулік бойы істейтін Колл-орталық

Емханамыздың психологтары Назарова А.Х., Шарипова Ж.К. әлеуметтік қызметкер Пышная М.К. қызметкерлер арасында «Эмоционалдық күйзелісті жеңілдету» тақырыбында оқыту семинары өткізілді, оның мақсаты медициналық қызметкерлерді психологиялық өзін-өзі реттеудің кейбір әдістерімен таныстыру;
- өз бетінше өнімді жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау;
- ішкі рухани келісімді тұрақтандыру, дәрігерлердің жеке қасиеттерін дамыту.
Тренингтің мақсаты: дәрігерлердің психологиялық денсаулығын нығайту үшін эмоционалды күйзелісті жеңілдету.

Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 ТБН жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне жария талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.
Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана » ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағытта жүргізілді:
1) Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Осыған байланысты, барлық ниет білдірген тұлғалардан осы талқылауға 05.07.2023 жылы сағат 15:00-де қатысуға шақырамыз. Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81, 613 қызметтік бөлме.
Жария талқылауға қатысқысы келетіндер 87753221929 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

1 маусымнан МӘМС бойынша консультациялар 1414 нөмірі арқылы беріледі.  1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды, әрі оларға жауап береді.  Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады.  

Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы @SaqtandyrýBot сияқты Қордың баламалы байланыс арналары бұрынғыдай жұмысын жалғастыратын болады. Оператордың жауабын күтіп, уақытты жоғалтқысы келмейтін азаматтар өз сұрақтарын сол арналарға жібере алады.

Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына және 2023 жылғы 18 мамыр №115 бұйрыққа сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерттеу мақсатында, көрсетілген бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы өткізіледі:

1) Кәсіпорынның іс-әрекетіне ықпал ететін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Өткізілу кезеңі: 1.маусым 2023 ж. 

logo.png
Астана қ. әкімдігінің "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК
Жеңіс д., 81
Тіркеу орны: 64‒40‒86, 64‒40‒85
E-mail: Emhana14@mail.ru Emhana14@mail.kz
© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ
body { filter: grayscale(100%); }