Нұр-сұлтан қ., Жеңіс даңғылы, 81
Emhana14@mail.ru
64-40-85, 64-40-86
Тіркеу орны
64-40-99
Вакцинация мәселелері бойынша жедел желі

Пациент міндеттері

90 бап. Азаматтардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың міндеттері

1. Азаматтар міндетті:

1) өз денсаулығын сақтау туралы қамқорлық жасауға;

2) денсаулық сақтау ұйымдарында қолданыстағы режимді сақтауға міндетті;

3) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес профилактикалық медициналық тексеруден өтуге міндетті;

4) медицина қызметкерлерінің, Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын орындауға міндетті;

5) өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын қорғау жөніндегі сақтық шараларын сақтауға, медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша тексеруден және емделуден өтуге, медициналық қызметкерлерге  инфекциялық аурулар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде өзінің ауруы туралы хабардар етуге міндетті.

Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтар тексеруден және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен куәландырылуға және емделуге жатады.

Айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетін азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негіздері мен тәртібі осы Кодекспен реттеледі;

6) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті.

2. Жүкті әйелдер жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті.

3. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты міндеттерді атқарады.

4. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес міндетті:

1) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуге міндетті;

2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындауға міндетті;

3) Орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау және халыққа өткізу кезінде оның қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге міндетті;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

5) жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар туындаған жағдайларда, халықтың санитариялық - эпидемиологиялық салауаттылығына қатер төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтап қалуы туралы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарын уақтылы хабардар етуге міндетті;

6) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың жанама әсерлері анықталған жағдайда уәкілетті органды уақтылы хабардар етуге міндетті;

7) айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруға қауіп төндіретін қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге міндетті;

8) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес зертханалық зерттеулер жүргізу үшін өнімнің, шикізаттың, тауарлардың, өндірістік ортаның сынамаларын іріктеп алуға мүмкіндік беруге міндетті;

9) медициналық тексеруден өткенін куәландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жібермеуге, сондай-ақ инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарды және денсаулық сақтау ұйымдары анықтаған инфекциялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушыларды жұмыстан шеттетуге міндетті;

10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және гигиеналық нормативтерге сәйкессіздігі анықталған кезде тауарларды, өнімдерді, шикізатты өткізуге жол бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалану немесе кәдеге жарату мүмкіндігі туралы шешім қабылдауға міндетті;

11) санитариялық паспортының болуы;

12) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелеріне қатысты есепке алу және есептік құжаттаманы тексеруге ұсынуға міндетті;

13) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметті халықтың өміріне немесе денсаулығына қатер төндірген жағдайда, оны тоқтата тұруға құқылы;

14) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуы тұрғысынан тексеру мақсатында оларға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті;

15) эпидемиологиялық көрсетілімдер мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының нұсқамалары, қаулылары бойынша дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті.

logo.png
Нұр-сұлтан қ. әкімдігінің "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК
Жеңіс д., 81
Тіркеу орны: 64‒40‒86, 64‒40‒85
E-mail: Emhana14@mail.ru
© Copyright 2021. Design & Development by SITE-PRO.KZ