Бүгін №14-мектеп-гимназияда маңызды дәріс өтті!
- Қаралды: 40
Бүгін №14-мектеп-гимназияда маңызды дәріс өтті!
Репродуктивті денсаулық апталығы аясында оқушылармен «Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі – болашақ ұрпақтың денсаулығының кепілі» тақырыбында түсіндіру сабағы өткізілді.
👥 Шараны психолог пен әлеуметтік қызметкер жүргізді.
🔹 Жасөспірімдерге жыныстық дамудың ерекшеліктері, жеке гигиена, өз-өзін бағалау және жауапкершілік туралы маңызды ақпарат берілді.
🔹 Ашық сұхбат түрінде өткен кездесуде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
✅ Мақсат – жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Астана қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 2025 жылдың 2 маусымынан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлайтынын хабарлайды.
Емхана қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау екі бағыт бойынша жүргізіледі:
1) Емхана қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау ;
2) Емхана ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Емхана қызметінде сыбайлыс жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлама мен оларды жою бойынша ұсыныстарыңыз болған жағдайда комплаенс қызметі бойынша жауапты тұлға – Калханова Алмагүлге жүгінуіңізді сұраймыз: 8 775 322 19 29 Астана қ. Жеңіс даңғ. 81, 621-кабинет.
👩⚕️ Бүгінгі апталық жиын ерекше өтті!
- Қаралды: 106
📅 Апта басында өткен кезекті жиналыста емханамыздың басшылығы ақ халатты абзал жандар — мейіргерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
🌸 Мейірбикелер күніне орай үздік қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.
👏 Жанқиярлық еңбектері үшін әріптестерімізге алғыс білдіреміз!
Сіздердің мейірімдеріңіз, сабырларыңыз бен жан жылуларыңыз – денсаулық сақтаудың тірегі.
💐 Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы мейіргерлер!
Бүгін, 14 мамыр күні Репродуктивті денсаулық апталығы аясында тұрғындар жазылусыз дәрігер кеңесін алды.
- Қаралды: 40
Келушілер келесі мәселелер бойынша кеңес алды:
🔹 әйелдер мен ерлердің репродуктивті денсаулығы
🔹 жүктілікті жоспарлау
🔹 контрацепция
🔹 АПВ (адам папилломасы вирусы) және басқа да маңызды тақырыптар
💬 Қабылдаған дәрігерлер:
👩⚕️ Акушер-гинеколог Камысбаева Пернеш Үмітханқызы
📍 3-қабат, 304-кабинет
және
👩⚕️ Уролог Картанович Олеся Иосифовна
📍 4-қабат, 408-кабинет
📸 Келген барлық пациенттерге алғыс білдіреміз!
Өзіңіздің денсаулығыңызды күтіңіз — бұл маңызды қадам!