Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81
emhana14@mail.ru
64-40-85, +7 778 021-88-6
Call-орталық
64-40-99
Сенім телефоны

? 20-21.01.2025 жылы №14,15 мектеп гимназияларында біздің емхананың психологы 9, 10, 11 сынып оқушыларына «Қыз баланың психологиялық даму ерекшеліктері мен таным процестерінің дамуы» тақырыбында дәріс оқыды!
?? Дәріс барысында психолог қыз балалардың жасөспірімдік кезеңдегі психологиялық даму ерекшеліктері, қабылдау және ойлау процестері, эмоциялық тұрақсыздық пен өзіндік танымның қалыптасуы туралы мағыналы әңгіме қозғады.
✨ Осы жас кезеңінде қыздарда өзін-өзі бағалау, әлеуметтік қарым-қатынастар және жеке тұлғалық даму маңызды рөл атқарады. Дәріс оқушылардың осы бағыттағы сұрақтарына жауап беріп, оларды өзін-өзі түсінуге, эмоцияларын басқаруға және дұрыс бағытта даму үшін мотивация берді.