Астанада тәулік бойы жұмыс істейтін жарақат пунктері қайда орналасқан
- Қаралды: 643
Ауа райының нашарлауына байланысты елордалық жарақат пунктері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ересек адамдар мына жарақат пунктерінде қабылданады:
* Р. Қошқарбаев даңғылы, 66 (№1 көпсалалы қалалық аурухана);
* Ә.Молдағұлова көшесі, 28 (№3 көпсалалы қалалық аурухана).
* Абылай хан даңғылы, 15 (Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы).
Балалар жарақат пунктері келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
* Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 (№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы);
* Желтоқсан көшесі, 34 (№2 қалалық емхана).
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын өте сақ болуға және қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Жарақат алмау үшін дәрігерлер ыңғайлы, табаны жалпақ аяқ киім киюге, сондай-ақ әсіресе балалар мен зейнет жасындағы тұрғындарға үйден шықпауға кеңес береді.