Нәрестелердің денсаулығын нығайту, түрлі аурулардың алдын алу, сондай ақ, жас аналарда омырау ауруларының алдын алуы мақсатында, жыл сайын 1-7 тамыз аралығында Дүниежүзілік ана сүтімен емізуді қолдау апталығы өткізіледі.
- Қаралды: 983
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, баланы өмірінің алғашқы алты айында емшекпен емізу қажет, тек осы кезеңнен кейін ғана 2 жасқа дейін аралас тамақтандыруға (ана сүті мен толыққанды қосымша тамақтануға) өтуге болады
Емшек емізудің пайдасы қандай?
- Нәрестенің иммундық жүйесі әлі де жеткілікті дамымаған және табиғи тамақтанатын нәрестелер ананың емшек сүтінің иммундық факторларының көмегімен вирусты инфекциялармен аз ауырады, оларды жеңіл көтереді және тезірек жазылады. Осылайша, емшек сүті жылдың суық мезгілінде тұмаудан, ал ыстық кездерде - ішек инфекцияларынан қорғайды.
- ана сүтімен тамақтанған балалар демікпеден, диареядан, құлақ инфекциясынан, екінші типті диабеттен аз зардап шегеді;
- баланың емшекті ему актісі дұрыс тістеуді қалыптастырады және тіс жегінің алдын алады;
- балаға емшек емізу миының және баланың ақыл-ой қабілеттерінің жақсы дамуына ықпал етеді;
- емшек емізу болашақта балаға әлеуметтік және мәнсап сатысында жылжуға көмектесуі мүмкін;
- емшек емізу ана мен бала арасындағы байланысты орнатуға көмектеседі.
Емізудің мұндай тәсілі балалар үшін пайдасынан басқа, ананың денсаулығына да оң әсер етеді. Емшекпен емізу балалар тамағына жұмсалатын қаражатты үнемдеуге көмектеседі, ана мен баланы жақындастырады, сондай-ақ диабеттің, сүт бездері, аналық бездердің обырының және ананың босанғаннан кейінгі күйзелісінің пайда болу қаупін төмендетеді.