Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81
emhana14@mail.ru
64-40-85, +7 778 021-88-6
Call-орталық
64-40-99
Сенім телефоны

Кеңеске ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің, С.Қайырбекова атындағы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының өкілдері қатысты, сондай-ақ елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының кадр қызметі мен медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шарада медицина кадрларының тапшылығы және мәселені шешу жолдары туралы мәселе көтерілді. Сондай-ақ, қатысушыларға бүкіл республика бойынша денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстардың жай-күйіне талдау ұсынылды. Денсаулық сақтау жүйесін кадрлық қамтамасыз етуді есептеу, оны жоспарлау, болжау және адами ресурстарға қажеттілікті шешу үшін денсаулық сақтау саласындағы кадр ресурстары жөніндегі ұлттық үйлестіруші мониторингті жыл сайын жүргізеді.