Бүгін N14 Қалалық емханада «Жақсылық жасауға асығыңыз!» атты қайырымдылық акциясының қорытындысын шығарды. Акцияны ұйымдастырушылар емхана қызметкерлері мен «Ақниет» жеке қайырымдылық қоры. Акцияны ұйымдастырған қордың атқарушы директоры Шаяхметова Баян М
- Қаралды: 1018
Акция аясында емханада "Жақсылық апталығы" ұранымен Ашық есік күндері өткізілді. 70 - тен астам кішкентай пациенттер - олардың ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, аз қамтылған отбасылардың балалары - бейінді мамандармен қаралды.
Сондай-ақ қор қызметкерлерінің күшімен 150 бала үшін оқушылар сарайы жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде демалыс ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, балалар үшін театр мен мұражайға бару арқылы мәдени демалыс ұйымдастырылды, ал емханада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мерекелік концерт өткізілді.
Акция аясында ауыр диагнозы бар балаларды емдеуге және оңалтуға қаражат жинау жарияланды. 1 181 000 теңге жиналды. Сома емдеуді қажет ететін балалар арасында бөлінеді.
Акцияның ұйымдастырушылары болашақта да мұқтаж балаларды қамту үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті.