Қазақстанда вакцинация Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топт
- Қаралды: 1072
Қазақстанда вакцинация Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 612 қаулысымен бекітілген Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесіне сәйкес қатаң түрде жүргізіледі. Ұлттық күнтізбе профилактикалық екпелерді жүргізу мерзімі мен тәртібін белгілейді. Бүгінгі күні күнтізбеге
В гепатиті
дифтерия
көкжөтел
қызылша
қызамық
полиомиелит
сіреспе
туберкулез
эпидемиялық паротит
гемофильді инфекция
пневмококк инфекциясына қарсы (республикалық бюджеттен) 11 инфекцияға қарсы екпе енгізілген. Дәл осы аурулар халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді және адамдар арасында таралу қаупі жоғары, тіпті эпидемияға дейін апара алады.