БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ ТЕКСЕРУЛЕР ЖҮРГІЗІЛЕДІ?
- Қаралды: 1280
💁♂️ БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ ТЕКСЕРУЛЕР ЖҮРГІЗІЛЕДІ?
❗2022 жылды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «СҮЙІКТІ БАЛА» АРНАЙЫ ЖОБАСЫНЫҢ АЯСЫНДА балаларға медициналық көмекті қаржыландыру туралы ақпарат беруді жалғастыруда.
🔷 Жаңа туған нәрестелерге, ерте жастағы және 6 жасқа дейінгі балаларға аудиологиялық скрининг жүргізіледі.
Бұл баланың есту қабілетінің бұзылуын анықтауға мүмкіндік беретін жаппай стандартталған тексеру.
Ол екі кезеңде өткізіледі.
🔹Біріншісі-бала өмірінің алғашқы үш күнінде тікелей перзентханада жүргізіледі.
🔹Екіншісі-өз емханасындағы баланы дамыту кабинеттерінде белгілі бір жастағы балаларға жүргізіледі. Бұл жағдайда учаскелік медбике ата-аналармен байланысып, белгіленген мерзімде скринингтен өтуге шақырады.
Балалардың есту қабілеті бұзылған жағдайда мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу бойынша шаралар қабылданады.
☝️Егер құлақ мүкістігі немесе кереңдік қаупі туындаса, онда баланы одан әрі тереңдетіп тексеру үшін сурдологиялық кабинеттерге, сондай-ақ тексеру және түзете-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жібереді.
🔷 Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, сондай-ақ 18 жасқа толмаған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушылары профилактикалық медициналық тексеруден өтеді.
Профилактикалық тексеру дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған кезеңдерді қамтиды.
🔹 Дәрігерге дейінгі кезеңде дене салмағы мен бойын анықтау, бас және кеуде қуысының көлемін өлшеу (3 жасқа дейін), физикалық және психоәлеуметтік дамуын бағалау, артериялық қысымды өлшеу (7 жастан бастап), көру және есту өткірлігін анықтау, ЭКГ және т.б. тексерулер жүргізіледі.
🔹 Екіншісінде тері қабаты және бас терісін, шырышты қабықтарды тексеру, қалқанша без аймағын тексеру және пальпациялау, кеуде, омыртқа, аяқ-қолдарды тексеру, тыныс алу, ас қорыту және т.б. тексерулер жүргізіледі.
Патологиялық өзгерістер анықталған кезде баланы қосымша тексеруге кәсіби маманға жібереді.
🔹 Мамандандырылған кезеңді кәсіби дәрігерлер жүргізеді.