«Жас мамандарды мамандығына қабылдау»
- Қаралды: 1175
30.11.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК - да «Жас мамандарды мамандығына қабылдау» салтанатты шарасы өтті.
Жас мамандарға емхана директоры Е. Т. Мусенов, аға тәжірибелі тәлімгер, учаскелік дәрігер Е. Ж. Айтпаева және кәсіподақ төрайымы А. П. Дунь құттықтау сөз сөйледі. Жаңа қызметкерлерге құттықтау хаттары, сыйлық сертификаттары мен гүлдер табыс етілді.
Емхананың тату ұжымы биыл жас мамандарды өздерінің үлкен отбасына қабылдайды. Биыл ол 8 жас дәрігерлермен және 10 орта медициналық жұмыскерлермен толықтырылды.
Жасыратыны жоқ, мамандық таңдау өмір жолының басында әрқайсымыз үшін жауапты және қиын қадам болып табылады. Медицина қызметкерінің мамандығы - бүкіл әлемдегі ең құрметті, жауапты адамдардың бірі.
«Мамандыққа арнау» сияқты маңызды дәстүр кешегі түлектердің Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК қабырғасында табысты және жемісті жұмысының кепілі болады деп үміттенеміз.