15 қазан-Дүниежүзілік емшек безі обырымен күрес күні
- Қаралды: 1170
Емшек безі қатерлі ісігі-әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі.
Әсіресе 40 жастан асқан әйелдер жиі ұшырайды. Бұл мәселе бүгінде жаһандық сипатқа ие.
Емшек безінің қатерлі ісігі жас әйелдерді өте сирек зақымдайды, бірақ жыл сайын ауру қаупі артуда.
Қоршаған ортаның қолайсыз экологиясы, тұқым қуалаушылық, гинекологиялық аурулар, түсік түсіру, емшек емізуден бас тарту, емшек безіне хирургиялық араласу, гормоналды бұзылулар, шамадан тыс күн сәулесі, жарақаттар емшек безі қатерлі ісігінің дамуындағы негізгі факторлар болып табылады.
Емшек безі қатерлі ісігін емдеудің оң нәтижесінде оның ерте диагнозы үлкен рөл атқарады. Дер кезінде басталған ауруды емдеу пациенттердің 98,1% - ның сауығуына ықпал етеді.
Әйелдердің емшек бездерінің жағдайына назар аударуы, өзін – өзі тексеру, профилактикалық медициналық тексерулер емшек безі қатерлі ісігінің алдын-алудың ең дұрыс және сенімді әдісі болып табылады.