МӘМС есебінен жасалатын МРТ: тексеруден кім және қалай өте алады?
- Қаралды: 1149
Магнитті-резонанстық томография-бұл рентген аппараттары мен компьютерлік томографиядағыдай иондалған сәулеленуді емес магнит өрісі мен радио толқындарын қолданатын, инвазивті емес, заманауи, еш ауыртпалықсыз және зиянсыз жасалынатын диагностикалық әдіс.
МРТ медициналық бейнелерді алуға және олардың көмегімен ісік дамуының аномалияларын, қабыну және дегенеративті, жарақаттан кейінгі және неопластикалық өзгерістерді визуалды диагностикалауға мүмкіндік береді.
Науқаста МРТ жасау үшін тиісті денсаулықтың көрсеткіштері және учаскелік дәрігердің жолдамасы болған жағдайда ол МӘМС есебінен жүргізіледі.
Жоспарлы тексеруді күтудің мерзімі 10 күннен аспайды.
Аталған ереже жіті және кезек күттірмейтін жағдайы бар науқастарға, сонымен қатар тексеру шұғыл жүргізілген кезде қолданылмайды.
Егер емхана регламенттелген мерзім ішінде науқасқа тиісті қызмет көрсете алмаса, онда пациентті бірлесіп орындау шарты бойынша басқа клиникаға жіберуі тиіс, не пациент клиниканы тұрғылықты қаласындағы немесе облысындағы өнім берушілер қатарынан өз бетінше таңдай алады.
Өнім берушілердің тізімін fms.kz сайтынан «медициналық қызметтерді сатып алу-КДҚ қызметтерін жеткізушілер» тарауларында табуға болады.
Қызмет пациентке қағаз сурет және МРТ-ні сипаттау хаттамасы қолына берілгеннен кейін ғана толық аяқталды деп саналады. Суретке қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ.
Зерттеу жасауға абсолютті қарсы көрсетілімдер:
- Электрокардиостимуляторлар, металл түйреуіштер, протездер, сымдар, өкпе резекциясынан кейінгі тантал қапсырмалары және осылар сияқты пациенттің денесінде ферримагниттік металл конструкцияларының болуы
- 20 аптаға дейінгі жүктілік
- Науқастың дене салмағы 150 кг-нан артық болған жағдайда.
Салыстырмалы қарсы көрсеткіштер:
- Науқастың өзін адекватты ұстамауы
- Клаустрофобия
Жеке куәліктен басқа өзіңізбен бірге не болуы керек?
- Алдыңғы жасалған зерттеулердің нәтижелері, әсіресе операциялық араласулар болғаннан кейін ауруханаға жатқызудың үзінділері, УДЗ, рентгенологиялық тексеру болған жағдайда КТ-ның нәтижелері.
- Контрастпен МРТ жасау үшін 3-7 күн бұрын креатинин үшін жасалынған биохимиялық қанның сараптамасы қажет.
- Балаларға МРТ зерттеуі ата-аналарының немесе баланы ертіп жүрген ересек адамдардың қатысуымен жүргізіледі.
7 жасқа дейінгі балаларға анестезиологтың алдын ала кеңесі берілгеннен кейін жалпы седациямен жүргізіледі.