Акушер және шақырылған мектептің медициналық өкілі босануға дайындық бойынша жүкті әйелдермен сабақ өткізді
- Қаралды: 1100
2021 жылғы 23 маусымда "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК-да психолог А.Д. Нигметова, акушер және шақырылған мектептің медициналық өкілі босануға дайындық бойынша жүкті әйелдермен сабақ өткізді.
Тақырыбы: Өмір тынысы. Релаксациялык, денеге арналған интенсив.
Акушермен бірге біз "Босану, жалған толғақ" туралы тақырыбын талқыладық. Гимнастика, лотос позасын, Кегель жаттығуларын жасадық.
Апта сайын әр дүйсенбі және сәрсенбі күндері сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін емханада "Босануға дайындық бойынша мектепте"сабақтар өткізіледі. Жүктілігі бойынша есепке тұрған жүкті әйелдер сабаққа келе алады.
Дене белсенділігі дененің бұлшық еттеріне оң әсер етеді. Соның арқасында өз-өзіңді формада қалай ұстауға болатынын, артық салмақ қоспауды және теріңнің созылып, босаңсуын болдырмауды үйренуге болады. Жаттығу психологиялық жағдайға да әсер етеді. Тыныс алу жаттығулары ана мен баланың жалпы жағдайына өте пайдалы әсер етеді.
Сондай-ақ, біздің аналар жаңа, қызықты ақпаратты біліп, бойына сіңірді.
Қатысушылар демалған және жақсы көңіл-күйге толы күйде кетті!