Астана қ., Жеңіс даңғылы, 81
emhana14@mail.ru
64-40-85, 64-40-86
Тіркеу орны
64-40-99
Вакцинация мәселелері бойынша жедел желі
+7-708-425-0923
 Тәулік бойы істейтін Колл-орталық

Акушерлік-гинекологиялық бөлімше

26.11.2020 жылдан бастап теміржол емханасының атауы № 14 қалалық емхана болып өзгертілген күннен бастап «№14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК акушерлік- гинекологиялық бөлімшесі (бұдан әрі - АГБ) өз жұмысын бастады.

Акушерлік-гинекологиялық бөлімше Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 81-үй мекенжайы бойынша №14 қалалық емхананың 3-қабатында орналасқан.

АГБ құрылымында пациенттерді қабылдау, қарау, кольпоскопия және кардиотокография жүргізуге арналған кабинеттер бар.

Бөлімше штаттық режимде жұмыс істейді. АГБ мамандарын қабылдау алдын ала жазылу бойынша, сондай-ақ диспансерлік есепке қою үшін медициналық көмекке алғаш рет жүгінген жүкті әйелдерге арналған «Жасыл дәліз» әдісі бойынша жүргізіледі.

Қосалқы мердігерлік шарттар шеңберінде АГБ келесі қызметтерді көрсетеді:

  • Гистеросальпингография жүргізу. АГБ халыққа амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмектің барлық түрлерін көрсететін емхананың дербес бөлімшесі болып табылады.

Әйелдер консультациясының негізгі міндеттері:

  • Бекітілген аумақтың тұрғындарына білікті акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету;
  • Жүктіліктің, босанғаннан кейінгі кезеңнің, гинекологиялық аурулардың асқынуларының алдын алуға бағытталған емдеу-алдын алу іс-шараларын жүргізу;
  • Жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастардың алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістерін, амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмектің озық нысандары мен әдістерін жұмыс тәжірибесіне енгізу;
  • Ана мен бала денсаулығын сақтау туралы заңнамаға сәйкес әйелдерді әлеуметтік-құқықтық көмекпен қамтамасыз ету;
  • Жүкті әйелдерді уақтылы амбулаториялық тексеру, жүктіліктің асқынуларының, экстрагенитальды және босанғаннан кейінгі аурулардың алдын алу және анықтау. Перзентханалардың жүктілік патологиясы бөлімшелеріне және аурудың бейіні бойынша басқа да емдеу-алдын алу мекемелеріне емдеуге жатқызуды қажет ететін жүкті әйелдерді анықтау (экстрагенитальды, эндокриндік аурулар, иммуноконфликттер, жүктіліктің түспеуі және т. б.); Жүкті әйелдерге диспансерлік бақылау жүргізу, оларды босануға физикалық және психопрофилактикалық дайындау; жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің үйіндегі акушерлердің патронажы;
  • Әйелдердің профилактикалық гинекологиялық тексерулерін ұйымдастыру және жүргізу;
  • Гинекологиялық ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақтылы амбулаториялық тексеру және емдеу; стационарлық емдеуді қажет ететін гинекологиялық науқастарды анықтау және оларды ауруханаға жатқызуға дайындау;
  • Гинекологиялық науқастарды диспансерлеу (диспансерленуге жататын контингенттерді уақтылы есепке алу, емдеу және сауықтыру іс-шараларын жүргізу);
  • Қалаусыз жүктіліктің алдын алу мақсатында қазіргі заманғы контрацептивтерді қолдану;
  • Жүкті және гинекологиялық науқастарды тексеру мен емдеуде сабақтастықты қамтамасыз ету; перзентханамен, жедел және шұғыл медициналық көмек станциясымен, соматикалық бөлімшелермен, емханамен, сондай-ақ басқа да емдеу-профилактикалық мекемелермен (туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, онкологиялық диспансерлермен және т. б.) жүйелі байланысты жүзеге асыру;
  • Медициналық түсік жасалады;
  • Гистеросальпингорафия процедурасы;
  • Кольпоскопия;
  • Күндізгі стационар жағдайында қабыну ауруларын емдеу.

 

 

 

 

Біздің АГБ-де білікті мамандар жұмыс істейді.

 

АГБ меңгерушісі - жоғары біліктілік санатты дәрігер – акушер-гинеколог Балзура Карткужаковна Қуанбаева. Жалпы еңбек өтілі 35 жылдан асады. 1989 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

  2023 жылы «денсаулық сақтау үздігі» медалімен марапатталған.

 

 

АГБ ұйымшыл ұжымын келесі қызметкерлер толықтырады:

  1. Исаева Ернұра Иссаевна, дәрігер акушер-гинеколог. Жоғары біліктілік санаты, жұмыс өтілі 25 жыл. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын бітірген. Жоғары қауіпті жүкті әйелдерді, босанғаннан кейінгі патронажды қабылдайды. «Астана медицина университеті» КЕАҚ №1 акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті.

 

 

  1. Камысбаева Пернеш Умутхановна, акушер-гинеколог дәрігері. Жоғары біліктілік санаты, жұмыс өтілі 30 жыл. Қарағанды медицина академиясын бітірген. Гинекологиялық қабылдауды жүргізеді, медициналық түсік түсіруді, кольпоскопияны, гистеросальпингографияны жүргізеді.

2023 жылы «Денсаулық сақтау үздігі» медалімен марапатталған.

 

 

Кажгалиева Розалия Маликовна, дәрігер акушер-гинеколог. Еңбек өтілі - 5 жыл. «Астана медицина университеті» КЕАҚ бітірген. Аралас қабылдау жүргізеді (жүкті және гинекологиялық науқастар).

 

  1. Булжатова Наталья Владимировна, аға акушер. Жоғары білімі бар. Мейірбике институтының «Эмили» медициналық орталығының Елордалық филиалын бітірген. Жұмыс өтілі 27 жыл. 2020 жылы «Мейірбике ісіне халықаралық стандарттарды енгізу» курсы бойынша тағылымдамадан өту сессиясына қатысты.

 

  1. Ерімбетова Жанара Абдухахарқызы, учаскелік акушер. Жұмыс өтілі - 9 жыл. Түркістан жоғары медициналық колледжін бітірген..
logo.png
Астана қ. әкімдігінің "№14 қалалық емхана" ШЖҚ МКК
Жеңіс д., 81
Тіркеу орны: 64‒40‒86, 64‒40‒85
E-mail: Emhana14@mail.ru Emhana14@mail.kz
© Copyright 2024. Design & Development by SITE-PRO.KZ
body { filter: grayscale(100%); }