БАЙҚАУ КЕҢЕСТЕРІНІҢ МҮШЕЛЕРІН КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ
- Қаралды: 65
«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ Астана қаласы әкімдігінің Астана қаласы әкімдігінің «№14 қалалық емхана» ШЖҚ МКК Байқау кеңестері мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарлайды:
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің болуын қамтиды:
- денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
- денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
- денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған), өтініш осы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамдарына қатысты үлестестігі туралы мәліметтерді қамтуы қажет;
2) қазақ және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар, сондай-ақ осы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғаларына қатысты үлестестігі туралы мәліметтер.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді және «_______ - мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «____ дейін ашуға болмайды» (конвертті ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс.
Конкурсты өткізу орны – Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11,
413-кабинет, тел.: 557484, 556842.
Конкурстың басталу күні (құжаттарды қабылдау) – 2026 ж.
1 қыркүйек.
Конкурстың аяқталу күні (құжаттарды қабылдауды аяқтау)
– 2026 ж. 30 қыркүйек.


